Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7404 0 пікір 19 Желтоқсан, 2014 сағат 12:17

Мұхтар ШЕРІМ. ҚАШЫП БАРАМЫН...

Мен өзі әдемі-і-і қызбын. Жігіттер соңымнан сүметіліп жүргені сол. Мен оларға «прикол» тастап қоямын да, пысқырмай жүре беремін. «Тема» жігіттер бар енді... Біреуін таңдаймын ғой...
«Таңдаймын ғой» деп тымырайып жүргенімде, таныс жігітім жылтыңдап, «движение» жасағаны ғой, өзінше қылтыңдап, әзіл айтқан болып, жыртыңдап, кафеге шақырды. Кафеден қыздар қашатын ба еді, «подругам» Бота екеуміз аштан қалатындай арсалаңдап бардық. Ол да досын ертіп келіпті. Кафеге шақырған таныс жігітім бір түрлі көздерімен «стрелять» ете берді. Мен наразылық «нотасын» жібердім. Шынымды айтсам, сыйлаймын, бірақ «от души» ұнатпаймын. Өзінше маған: «Қазақ тіліне орыс тілін турап сөлемейтіндей етіп үйретемін»» деп қояды.
Содан, кафеден шықтық. Такси ұстады жігіттер. Үйіме дейін шығарып салады екен десем, қала шетіне қарай зымырап бара жатыр! «Е, подругамды алып қашып бара жатыр екен ғой!» деп ойлап, ернімнен жоғары жел жіберіп кекілімді желпіп отыра бердім. Сөйтсе-ем, таныс жігітім ше, оңбаған десе, еркек емес, динозавр десе, ваще мен оны сүймеймін ғо, «Гуня, мен сенің желкеңе ғашықпын!» дейді. Как бұдто желкемді жеп қоярдай жұтынып... Шапалақпен бетіне салып қалдым. Сол екен, үйіне мені как бұтто бір қапшық картошка деді ме, арқалап кіргізді. Әйелдер бас салды. Орамал жаппақшы. Жылай, тұра қаштым. Менімен бірге қосарланып қашып жүрген құрбым құлағыма сыбырлап қояды: «Шіркін-ай, шатасып кетіп, орамалды маған жаба салса ғой...» деп... «Мен мал емеспін! Менің конституциялық құқым қорғалған!» дедім айқайлап. «Әй, көнстөсия! –деді бір кемпір, --есік алдына жата кетемін, мені аттап өтсең, өмірі жолың болмайды!» Сөйтті де, табалдырыққа «талып» құлады. Аттап өттім. Аттай бергенімде, кемпір санымнан шымшып алды... «Қырғыздар қыздарын қорғап, арнайы заң шығарды» деймін еңіреп. Бір кезде біреу есік алдына май инспекторлары көшеге тастайтын тісті кедергіні жайды. Одан да аттап өттім. Қайтем енді, оны сүймеймін ғой! Алдыма ұн септі. Одан да ырғыдым. Бидай септі. Оны тауықтар жеп жатты. Есік алдын миналап тастапты! Иті жүгіре беріп, гүрс жарылды да, бір бұты талға ілініп қалды. «Жаманға қор болғанша» деп көзімді жұмып, жүгіріп өттім. Жарылмадым әйтеуір. Бір кезде ағалары төрт танкпен қоршады. Еңбектей жылжып, танкке тас лақтырдым. Тас үйкелді ме, от шығып, төртеуі де жалынға оралды. Тура әкемнің әкесі айтып отыратын бұрынғы неміс фәшістерімен соғысқандай болдым. Бір кезде жеңгелері аспаннан парашютпен секіріп түсті де, орамал жаппаққа ұмтылды. «Десант» жеңгелерін рогаткімен атып құлаттым. Алдымнан тереңдігі төрт метр ор қазылды. Одан да ырғып өттім... Шатым шытынап кетсе де... «Прикин», бір кезде қыз алып қашушылар қоршап алды. «Беріл! Өз еркіңмен төсекке!» дейді таныс жігітім. Не деген масқара! Мен оны сүйемін бе, сүймеймін бе, жұмысы жоқ! Үйге қарай шегінсем, жеңгелері бауырсақ пісіріп жатыр. Ваще «не нормальнаялар» ғой! Сөмкемнен пистолетті суырып алып: «Жақындасаңдар, атамын!» дедім айқайлап. Бәрі жерге жата қалысты. Жан керек екен өздеріне. Үстілерінен аттай қаштым. Ойыншық пистолетті лақтырып жіберіп, безіп келе жатсам, біреу мені басып озды. Сөйтсем, құрбым екен! «Е, қалмадың ба сол үйде?» десем: «Құрысын! Кредит алған үй екен, ести сала қашып келемін!» деп қояды. Қыздар, біз қой емеспіз ғой, маңырап қала беретін? Өз бостандықтарыңды қорғаңдар! Мен әлі күнге дейін көшеде келе жатсам да, алдымда ештеңе жоқ болса да, аттай беретін әдет тауыппын... Қазір де ырғып қойып, аттап қойып, қашып барамын...

«facebookтегі» парақшасынан алынды.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387