Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Қоғам 5990 0 пікір 18 Желтоқсан, 2014 сағат 15:02

ТЕАТРЛАР ТЕКЕТІРЕСІНЕ ТОҚТАУ САЛЫНА МА?

ШығысҚазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовқа АШЫҚ ХАТ

Құрметті Даниал Кенжетайұлы!

Өскеменде жаңа театр ғимаратының салына бастауына байланысты осы күнге дейін жыр алыбы Жамбылдың атымен аталып, бір шаңырақ астына қазақ және орыс труппаларын сыйдыра білген 80 жылдық тарихы бар драма театры бұрынғы облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың 2014 жылдың 28 қазанындағы №287 қаулысымен реорганизацияға ұшыраған. Аталған қаулы саяси қателікке жол беріп, ұлттық рухани патриоттық тәрбиеге орасан зор нұқсан келтіруде. Бұл қателіктің орын алуына себеп – Б.М. Сапарбаев мырзаның бұған дейінгі жіберген олқылықтары.

         Атап айтар болсақ:

1. 2014 жылдың 21-ші тамызында (Республикалық «Заң» газетінің 158 санында) табиғатта жоқ, ешқайда тіркелмеген театрдың директорлық лауазымына конкурс жарияланып, нәтижесінде Павлодар қаласының тұрғыны  Д.М. Ұябай директор болып тағайындалған.

2. Д.М. Ұябай мырзаға бюджеттік есептен еңбакақы төлеу мақсатында 2014 жылдың 9 қыркүйегінде Б.М. Сапарбаев өзінің №236 қаулысымен жоқ театрды бар етіп, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрын құру туралы қаулы шығарған.

3. Құрылысы бітпеген театрдың заңды мекен жайы жоқ және театр эксплуатацияға қабылданбаған. Ал, жаңа театрдың заңды мекен жайы деп Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының жалдап отырған мекен тұрағы көрсетілген.

  4. Б.М. Сапарбаев мырза жаңа театрдың құрылысы басталған уақыттан бастап осы күнге дейін бұқараралық ақпарат құралдары арқылы, халық алдына шығып берген жылдық есптерінде және әр түрлі қоғамдық кездесулерде Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма тетрына арналып салынып жатқандығын мәлімдеуден танбаған.

Міне, осы аталған сорақылықтарды заңдастыру мақсатында жоғарыда аталған №287 қаулы шығарылған. Бұл жерде еріксіз туындайтын сұрақ, Егер, 80 жылдық тарихы бар театр өзінің бюджеттік балансымен, штаттық кестесімен және өз репертуарымен сол жаңа театрға баратын болса, онда жаңа театр құрудың қандай қажеттілігі туындап тұр? Себебі 2 театр арасындағы бар айырмашылық Жамбыл атауының жоғалып кетуінде ғана. Сонда жасы 100-ге жеткенше туған халқына жалынды жырларымен рух берген абыз ақынның есімі кімнің тақиясына тар келді? Әлде мұның астарында жасырын, саяси идеологиялық «ойын» жатыр ма?»

Біз Тәуелсіз Қазақстанның ұлтжанды ұл-қыздары мұндай өзімбілемдік пен бассыздыққа ешқашан жол бермейтіндігімізді мәлімдейміз. Осыған байланысты жоғарыда аталған заңсыз конкурс нәтижесі  мен қаулылардың күшін жойып, 80 жылдық тарихы бар Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық театрының құрылымын өзгеріссіз жаңа ғимаратқа көшіруге мұрындық болуыңызды сұрай отырып, жіберілген олқылықтардың заңсыздығын әшкерелеу үшін тиісті құқықтық органдарға тапсырма беруіңізді және оның нәтижесін бұқараралық ақпарат құралдарында жариялануын қадағалауыңызды өтінеміз.

   P.S. Егер біздің жанайқайымыз ескерілмеген жағдайда мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа ашық хатпен жүгіну құқығымызды пайдаланатындығымызды да ескертеміз.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтың атына жолданған, жаңадан заңсыз және негізсіз ашылған Шығыс Қазақстан облыстық драма театрын жойып, Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының құрылымын өзгеріссіз жаңа ғимаратқа көшіру туралы ашық хатын қолдаушылар тізімі:


Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320