ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАҒАСЫН БІЛУГЕ ТИІСПІЗ
Тәуелсіздік барлық қазақстандықтардың жарқын болашағына кепілдік береді. Мұндай ойды «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің басшысы Әскер Периев білдірді.
«Тәуелсіздіктің арқасында біз тегін білім, тегін медицина, әлеуметтік көмек сияқты маңызды жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Бұлар бізді мықты әрі ынтымақты ете түседі», - дейді ол.
Этномәдени орталық жетекшісінің айтуынша, Қазақстанның бұлай қарыштап дамуына қоғам мен Мемлекет басшысының сіңіріп отырған еңбегі ұшан теңіз. «Көріп жүргеніміздей, Нұрсұлтан Назарбаев өте қиын әрі амбицияға толы мақсаттар қояды, дегенмен оларды орындауға болады және орындалып та келе жатыр. Біздің Президентіміз саясат пен идеологияны өте жақсы меңгерген, сондықтан оның алға қоятын мақсаттары үнемі орындалады», - дейді Әскер Периев.
Оның пікірінше, Президенттің саясатының тиімді жүргізілуінде қоғамымыздың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ауызбірлігі үлкен рөл ойнайды.
«Біз Тәуелсіздіктің бағасын жақсы білуге тиіспіз. Ол біздің тыныш ұйықтап, балаларымыздың мектепке алаңсыз баруына, өзіміздің алаңсыз жұмыс жасауымызға кепілдік береді. Барлықтарыңызды осынау ұлық мерекемен құттықтап, әрқайсыңызға бақыт пен береке тілеймін», - деді ол.
Абай-ақпарат.
Дереккөз: http://inform.kz/kaz/article/2728169