Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4741 0 пікір 14 Желтоқсан, 2014 сағат 18:39

Мәжіліс депутаты «Адам бол» журналына қатысты пікір білдірді

 

«Украинадағы жағдайға байланысты «Адам бол» журналында басылып шыққан «Наши на чужой войне» атты материал шын мәнінде соғысты насихаттайды. Сондықтан Алматы қаласы Медеу аудандық сотының журналды жабу туралы шешімі – заңды». Бас прокуратураның осы жайтты түсіндіруді өтінген Мәжілістің бір топ депутаттарына берген жауабы осындай.

Айта кетейік, басылымда жарияланған материал бойынша арызды сотқа Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы түсірген. Бүгінде журнал басшылығы сот шешімімен келіспей, істі қайта қарау туралы шағым түсірді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де әріптестеріне қатысты шығарылған шешім негізсіз және сөз бостандығы тапталды деп наразылық білдірген-ді. Ал депутаттар прокуратура жауабы тұшымды деседі.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХКП фракциясының мүшесі:

Сөз бостандығы дегеннің өзі - жауапкершілік. Дау-дамайдың басталғаны, «Адам бол» журналында Садыковтың сұхбаты алынып, Садыков Украинада болып жатқан жағдайдың бәрін соғыс деп жариялады. Ал Конституция және заңдар бойынша бізде соғысты насихаттауға тиым салынған. Жұрағат БАМАН  

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1303
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2858
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 957
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 893