Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2511 0 пікір 14 Мамыр, 2010 сағат 09:11

Оңтүстік Қазақстанда трансформаторлар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ жойылды

Шымкент. 14 мамыр. ҚазТАГ. Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) Қазығұрт ауданында ұзақ уақыт бойы облыс аумағында трансформаторлар ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ жойылды, деп мәлім етті ОҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

«Екі жыл бойы аудандық ішкі істер басқармалары мен бөлімдеріне трансформаторлардың ұрланғаны туралы шағымдар түскен. Осының салдарынан тұтастай ауылдар жарықсыз немесе сусыз отырған», - деді ол.

Электр жабдығының ұрланғаны туралы тағы бір шағым наурыз айының соңында түскен. Қазығұрт ауданындағы кәсіпкерлердің бірі құрылысы жүріп жатқан жанармай құю станциясынан құны Т500 мың трансформатордың ұрланғанын хабарлаған.

«Екі ай өткен соң оперативті қызметкерлер еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын мектепте бірге оқыған 32 жастағы жергілікті үш тұрғынды ұстады. Тергеушілер күдіктілердің Төле би, Түлкібас, Ордабасы және Қазығұрт аудандарында, Шымкентте жасалған 21 ұрлыққа қатысы болғанын дәлелдеді», - деді С.Қаракөзова.

Оның айтуынша, қылмыскерлер ұрланған трансформаторлардың жалпы құны Т10 млн-нан асып түскен. «Ұрланған жабдықтарды ұрылар Шымкенттегі жеке тұлғаға сатып отырған. Оперативті қызметкерлер оны да анықтады. Тергеушілер ұрланған жабдықтарды сатып алған азаматқа қатысты мәселені шешім жатыр», - деп атап көрсетті баспасөз қызметінің өкілі.

Полицияның мәлімдеуінше, қылмыстар сериясын ашудың қиындығы келесіде болған: аталған қылмыстық топ негізінен адам жүрмейтін жерлерде түнгі уақытта, облыстың түрлі аудандарында әрекет еткен және трансформаторларда арнайы номерлер болмаған. Күдіктілердің бәрі қамауға алынды, «аса ірі көлемде ұрлық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434