Сенбі, 23 Қараша 2024
Әкім мен халық 5228 0 пікір 14 Қараша, 2014 сағат 09:24

ОНЛАЙН: МИНИСТРМЕН ЖОЛЫҚҚЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

Ақпараттық технология дамыған заманда таң қаларлық жағдайлар көбеюде. Тіпті жиілеп барады десек те болады. Солардың бірі – Министрдің онлайн-қабылдауына жазылу!

Министрдің онлайн-қабылдауына жазылу Сіз ойлағаннан да жеңіл. Бар болғаны Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі ұсынған www.egov.kz порталына кіріп, қызметке тапсырыс беру. Қызметті жеке және заңды тұлғалардың да пайдалануына болады.

Сервистің көмегімен бейне-конференция арқылы мемлекеттік органның бірінші басшысының виртуалды қабылдауына қатыса аласыз.

 

Бұл үшін не істеу керек? 

1.         Порталда авторлану (егер порталға бірінші рет кірсеңіз, порталда тіркелу қажет болады).

2.         Сервис парағында «Қызметке онлайн тапсырыс жасау» пернесіне басу.

3.         Қажетті органды таңдау.

4.         Мемлекеттік органның бірінші басшысының қабылдау кестесімен танысу.

5.         Қабылдауға жазылу, қажетті күнді, өзіңнің байланыс деректеріңді, сондай-ақ бейне-конференцияға қатысу үшін қолайлы ХҚКО-ны көрсету.

6.         Көрсетілген уақытта ХҚКО-ға бару.

 

Бас тарту шарттары қандай? 

Қабылдауға берілген өтінімнен бас тартылады, егер

- көрсетілген күні басқа тұлғаларды қабылдау белгіленсе. Бұл жағдайда өтінімді басқа күнді көрсетіп қайта беруге болады.

- мәселе мемлекеттік органның бірінші басшысының құзыретінде болмаса.

Сонымен қатар, бұл қызметті мысалы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының №1 қалалық бөліміне келіп, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы алуыңызға болады. Бөлім қызметкерлері Сіздерге көмек беруге, қызмет көрсетуге әрдайым дайын.        

Ауыл халқы да басты назарда! 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалалар мен кенттерде орналасса да, ауыл халқына қызмет көрсетеді.

Шалғай елді мекендерді аралап, ауыл тұрғындарының құжаттарын түгелдеу, жаңа қызметтерді үйрету, халықтың құқықтық және компьютерлік сауатын арттыру бағытында арнайы «Мобильдік халыққа қызмет көрсету орталығы» қызмет көрсетеді.

Белгіленген кестеге сәйкес Ақсуат ауылдық округі, Қызылжарма ауылдық округі, Қарауылтөбе ауылдық округі, Қосшыңырау ауылдық округі және Белкөл кентінің тұрғындарына мемлекеттік қызмет ұсынады.

Ағымдағы жылдың 10 айында топ қызметкерлері 95 рет іссапарға шығып,   2195 құжат қабылдаған, тапсырылған құжат саны – 1818. Арнайы техникамен жабдықталған көлік елді мекенге барып, сол жерден құжаттар рәсімделеді.

Сенімхатты да онлайн түрінде жазып алуға болатынын білесіз бе? 

Қазақстанның электрондық үкімет порталында Қазақстанның ішкі істер Министрлігінің жаңа онлайн  қызметі жіберілді, ол пайдаланушыға өз еркімен автокөлікті басқаруға сенімхат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін тек  Интернетке кіруге рұқсат және электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ)  қажет. Одан басқа, нотариусқа, ӨЭП-ға жүгіну қажет емес. Өтініш білдірушіге сонымен қатар, қандайда құжаттардың көшірмесін ұсыну қажет емес, тек электрондық нысанның қажетті жолдарын толтыру керек.

Қызметті сенімхат беруші алады, яғни біреудің атына сенімхат жазып беруді қалайтын азамат. Ол үшін оған egov.kz порталында тіркелгеннен кейін «Көлік және коммуникация» бөлімін таңдап, «Автомобиль  көлігі» қосымша бетінде «Ауыл шаруашылығы министрлігі асыратын тіркеулерді қоспағанда, сенімхат бойынша көлік құралын  басқарушы тұлғаларды тіркеу» деген жолдарды басу қажет. «Онлайн қызметке тапсырыс»   кнопкасын басқаннан кейін пайдаланушы сенімді тұлғаның ЖСН нөмірін, оның мекенжайын, сонымен қатар мемлекеттік нөмірлік белгіні, сериясын және көлік құралын тіркеу туралы куәлігін көрсетеді. Одан кейін өтініш ЭСҚ көмегімен қол қойылады.

Сұрау салуға өңдеу  санаулы секундта болады, одан кейін өтініш білдіруші порталда дайын сенімхатты өзінің жеке кабинеті арқылы қарауға және ашуға болады.

Қызмет тегін көрсетіледі. Барлық сұрақтар бойынша пайдаланушылар 1414 нөмірі арқылы Бірыңғай байланыс орталығына өтініш білдіре алады, Қазақстан бойынша  қоңырау шалу тегін.

Өте тиімді әрі тез!!!

 

 Гүлдана Рахметова,

Қызылорда облысы.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404