Сенбі, 23 Қараша 2024
Тарих 9237 0 пікір 14 Қараша, 2014 сағат 09:16

ТАРИХИ НЕГІЗІ ЖОҚ МЕМЛЕКЕТ БОЛМАЙДЫ

«Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр». Платонның өз замандастарына айтқан бұл сөздерін кейінгі өскелең ұрпақ есте ұстап, ұмытқан емес.

Келер жылы бүкіл қазақ жұрты Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуын атап өтпек. Керей мен Жәнібек ханның Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті үстемдігіне қарсы күресі жаңа мемлекет  - Қазақ хандығын тарих сахнасына алып шықты. Сол кезде-ақ, қазақ халқының  қазіргі атауы қалыптасты, XV ғасыр аяғында «қазақ» термині пайда болды. Былай қарасаң, бұл деректер еліміздің тарихынан белгілі, бірақ та ғалымдар мен тарихшылар арасында баламалы пікірлер бар.

Тарихи негізі жоқ мемлекет те, ұлт та болу мүмкін емес, сондықтан да «Мемлекеттік саясатты дамыту қоры» қоғамдық қоры  2014 жылы 8 қарашада Астанада «Қазақ халқының қалыптасу тарихын меңгеру мақсатында қоғаммен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және соған сәйкес монография дайындау» жобасы аясында бірінші жоспарланған кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты - қазақ халқының кешенді этномәдени, этнографиялық және этно-әлеуметтік зерттеу нәтижелерін жариялау, оны зерттеудегі даулы мәселелерді анықтау мақсатында «Қазақ халқы және қазақ(стан)-дық бірегейлік: қалыптасу тарихы және қазіргі заманғы үрдістер» тақырыбында монография құрастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Кездесудің басында жоба жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Тимур Анатольевич Козырев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде әркім өз елінің тарихын білудің, оның сөзінше «келешекті қолға алу» керектігінің қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Содан кейін жоба жетекшісі жиналғандар алдында өз баяндамасын оқып берді. Ол кісіден кейін
Б.Ғ. Аяған (Мемлекет тарихы институты), Р.М. Абдрахиева (әлеуметтану магистрі), М. А. Сыдықназаров (Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы заманауи зерттеулер орталығының директоры), Д. Қосназар (Назарбаев-орталығы) сөз алып, өз пікірлерін білдірді.

Баяндама тақырыбы қазақ халқы тарихының  пайда болуы, «қазақ» атауының туындауы, еліміздің аумағында мұсылман дінінің таралуы, қазақ халқының бірлігі мен оның жүзге және тайпаға бөлінбеуі туралы мәселелерді қамтыды. Сөз сөйлеушілер ұлттық тарихты үзінді түрде оқыту қажеттілігінен арылу және қоғамға біртұтас көрініс жасауға тырысу керектігін атап өтті.

Сарапшылық комиссия құрамына ғылыми әлемде пікірлері орынды саналатын бес адам, яғни ғалымдар мен зерттеушілер кірді. Олардың ішінде Т.А. Козырев, ғылыми кеңесші – Г.А. Ақсақалова, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары – Д.Р. Темірғалиев, саясаттану ғылымдарының докторы – Г.К. Құлжанова, халықаралық Түркі академиясының әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының менеджері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты – К.Э. Жаманғұлов. Ендігі кезекте сарапшылар алдында қазақ халқының қалыптасу тарихына арналған аңыздарды, тарихи куәліктерді, фольклор және басқа да дерек көздерін, сондай-ақ монография дайындау және тарихи құжаттарды жинақтау сияқты міндеттер тұр.

Келесі кездесу 15 және 22 қарашаға белгіленді. Онда   аталған мәселе бойынша талқылау тағы да жалғасатын болады. Үш кездесудің қорытындысы бойынша жоба тақырыбына арналған монография құрастырылады. Осы жұмыстың нәтижелері жарияланған мәліметтер әрбір қазақстандыққа қызықты болары сөзсіз.

 

Жанна Бекбергенова,

Астана қаласы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404