Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 9183 0 пікір 16 Қазан, 2014 сағат 14:38

ҚАЗАҚСТАНДА ДІНИ ҚАҚТЫҒЫСТАР ТУУЫНА НЕГІЗ ЖОҚ

Еуразиялық менталитеттің арқасында Қазақстанда діни қайшылықтар, қақтығыстар туындататын ешқандай негіз жоқ. Мұндай пікірді Астанада «Бүгінгі Қазақстанның діни алуандығы» тақырыбындағы жиында Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығының директоры Александр Клюшев  білдірген. ҚазАқпарат хабарлағандай «Қазіргі таңда Қазақстандағы еуразияшылдық менталитеттің толеранттылығы арқасында діни қақтығыстар үшін ешқандай да салмақты алғышарттар жоқ екендігін айтуымызға болады. Әрине, Ирактағы, Сириядағы соңғы жағдайлар белгілі бір қауіптердің де бар екенін айғақтайды. Дегенмен, осының өзі біздің қауымдастықтың қызметіндегі жауапкершілікті одан сайын арттыра түсірмек», - деді А.Клюшев.

Оның айтуынша, Қазақстанда толеранттылық рухындағы түрлі бағыттағы диалогты дамытудың, адамдар арасындағы ізгі өзара қарым қатынасты нығайтудың маңызы зор.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1120
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 774
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 740