Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2346 0 пікір 20 Мамыр, 2010 сағат 15:30

Ирандікі де, «Ивандікі» де дұрыс...

Иран президенті Махмұд Ахмадинежад халқының 120 миллионға жеткенін қалайды, анығы мүдделі. Сондықтан кеше ғана Иран басшысы әрбір туған шақалаққа 780 еуродан жәрдемақы берілетінін хабарлады.

Осындайда ғалымдардың жаһандану заманында халқы 50 миллионнан аз ел «жұтылып» кетеді дегенге саятын жорамалы еске түседі... «Көп қорқытады, терең батырады» дейді қазекем. Бір ой бір ойды қозғайды. Біз болсақ мынау: Тәуелсіздіктің 20 жылында елдегі туу көрсеткішінің жақсаруына жағдай жасау былай тұрсын, сегіз қиыр шартарапта шашырап жүрген Алаш баласының басын қосуға деген құлшыныс таныта алмай отырмыз. Керісінше, жылына 20 мың квота бөліп, көш легін шектегендейміз. Бұл өз еркімен квотдан тыс келіп, Атажұрт «белдеуіне» ат шылбырын байлағысы келетіндерге орасан тосқауыл. Оның үстіне Қабылсаят Әбішев сынды шенеуніксымақтар қазақтың көбейгенінен қорқады. Олар үшін «Қазақстан - 140 ұлт өкілінің ортақ үйі». Сабыр Адайша айтқанда, «Әр қазақ менің - жалғызым» деп ұлттықты ұлықтар заман тумай-ақ тұр. Әйтеуір, керібаққан кезең... Айтпақшы, бүгінде Иранның жаны саны 70 миллионға жуықтайды. Ал Қазақстанның демографиялық саясаты «демігіп» тұр...

Демографиялық ахуалы «демігіп» тұрғанына қарамай қазақ аз баласын қыр асырып, асырап алушылардың қойнына тығып жатыр. Осы күнге дейін шетелге қанша шақалақ, неше сәби кеткені белгісіз. Олардың тағдырына алаңдап, ау-жайын біліп отырған жан да кем. Ал, Ресей болса енді АҚШ-қа бала бермеуі мүмкін. Мүмкін екендігін АҚШ-тың АВС арнасына сұхбат берген РФ президенті Медведев айтты.

Медведевтің бұлай деуіне жеті жастағы орыс баласы Артем Савельевтің тағдыры себеп болса керек. Артемдің асырап алған өгей шешесі ұшақпен жалғыз өзін кері қайтарыпты. Мұхит асырып. Керек емес деп. Сөйтіп қаршадай бала қаңғалақтап еліне қайтып келген. Қазір ол психологтар мен дәрігерлердің бақылауында. Міне, осы жайт құлағына тиген орыс патшасы намыстан жарылардай болып, АҚШ-тың әйдік арнасында айтатын сөзін айтып тастады.

Таяуда тағы бір орыс баласының аянышты тағдыры жарияға шықты.Иван - Ваня Скоробогатов деген жетімек АҚШ-тан тапқан «ата-анасының» қолынан көз жұмыпты. Қатыгез «ата-ана» бейкүнә баланы аяусыз ұрып-соғып, әбден қинап өлтірген көрінеді.

АВС арнасындағы Медведевтің сөзін РФ Сыртқы істер министрі, әккі саясаткер Сергей Лавров та толықтай сөйлеп, екі ел арасында  бала бағу, асырап алу мәселесінде келісім шарт болуы керек дегенді қадап айтты.

Орыс атаулыны жалпақ тілімізде «Иван» деп атайтын әдет бар емес пе. Салыстырып қарап отырсақ, ұлт намысы, ел болашағы үшін «Иванның» да, Иранның да тірлігі бізге үлгі болса керек-ті.

Елтілек

0 пікір