Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2463 0 пікір 20 Мамыр, 2010 сағат 15:59

Отунбаева Қырғызстан президентінің міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға уәде етті

Бішкек. 20 мамыр. ҚазТАГ - Қырғызстанның уақытша үкіметінің басшысы Роза Отунбаева  өзіне жүктелген президент міндеттерін «жауапкершілікпен және адалдықпен» орындауға уәде етті, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Кеше маған Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі президентінің міндеттері жүктелді. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік, тарихи миссия, сондықтан сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысамын», - деп мәлім етті Р. Отунбаева бейсенбі күні үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ҚР уақытша үкіметінің оған ҚР өтпелі кезеңінің президенті өкілеттіктерін беру туралы шешімі 27 майсымда референдумға шығарылады. «Алдымда үлкен сынақ тұр», - деді ол.

«Декретте айтылғандай, мен президенттің міндеттерін жогорку кенеш сайлауына дейін атқаратын боламын. Бұл декрет референдумда қолдау тапса, бұл қызметті жауапкершілікпен, адалдықпен, халық мүдделеріне, сәуір айында жұрт көрген құрбандыққа сай атқаруға уәде етемін», - деді Р. Отунбаева.

Бұрын хабарланғандай, 19 мамырда Қырғызстанның уақытша үкіметі Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі президенті туралы декрет қабылдады, президент болып Роза Отунбаева тағайындалды.  

Декретке сәйкес, өтпелі кезеңдегі президент өкілеттіктерінің мерзімі 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленді.

ҚР өтпелі кезеңіндегі президенті 2012 жылда өтетін кезекті сайлауда президенттікке кандидатурасын ұсына алмайды.

Декрете айтылғандай, өтпелі кезеңдегі президент қандай да бір саяси партияға мүше бола алмайды, «саяси бейтараптық сақтап, қандай да бір саяси партияларды қолдауға қатысты әрекеттерге бармауға тиіс».

Аталған декретке Р. Отунбаеваның өзі қол қойған.

0 пікір