Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5418 0 пікір 8 Қыркүйек, 2015 сағат 10:52

ЖАРТЫ МӘТІНІ - ЖАҚШАНЫҢ ІШІНДЕ

Атауларға келгенде бұрынғы Калинин, қазіргі Тұздыбастау деген сияқты дүниелер көп. Бірі міндетті түрде жақшаның ішінде жүреді. Осыны қолданбау керек сияқты.

Мысалы: "Ол 1959 жылдың 16 маусымында Гурьев ( қазіргі Атырау) облысы, Новобогат (Исатай) ауданы, Новобогат (Х.Ерғалиев) ауылында дүниеге келді. 1976 жылы Индер ауданындағы Кулагино(Есбол) ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепті аяқтаған соң, арман қуып Гурьев педагогикалық училищесінің(қазіргі Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі) бастауыш мектеп бөліміне оқуға түсіп, 1979 жылы үздік дипломмен аяқтады". Жарты мәтіні жақшаның ішіне кетеді. Бұл орыс атауларына қатысты. Мүлде қолдануды сирете берген абзал. Бұрынғы Гурьев демесең, ешкім түсінбей қалмайды соны. Солай ғой?!

Манас Қайыртайұлы, facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1147
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2681
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 795
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 763