Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, әңгіме! 3978 0 пікір 6 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ЖЕТІСУДАН КЕРУЕН ШЫҚСА, ЕЛОРДАЛЫҚТАР ЕЛЕҢДЕЙТІН БОЛДЫ

Жетісу жері – аграрлық аймақ. Табыстың тоқсан пайызы осы са­ладан түседі. Түгін тартсаң майы шығатын өңір экологиялық жа­ғынан та­за әрі са­па­сы жоғары өнім өндіреді. Осыны білетін елор­да­лықтар Же­тісу жерінен сау­да керуені келе жатыр десе елеңдейтін бол­ды. Қа­ла­лықтарды әрсіресе, ба­ғасы тө­мен тағам түрі қызықтырады. Ха­лыққа берер жақсылығы мол ша­рапатты шаруа қала маңындағы азық-түлiк бел­деуiн дамыту және аста­на­лықтардың сұранысын қа­на­ғаттандыру мақ­сатында ұйымдастырылады. Жа­расымды жал­ғасын тап­қан игі дәс­түр биыл да сәтті өтті.

 Шараға әдеттегідей өңіріміздің он алты ауданы мен үш қаласынан барған ауыл­шаруашылық тауар өндірушілері өз әкел­ген­дерін ешбір делдалсыз саудалап қайт­ты. Бағаны тұрақтандыруға атсалысып жүр­ген Жетісу әлеуметтік корпорациясы да бұ­дан қалыс қалған жоқ. Жәрмеңкеде н­е­гі­зі­нен ет, сүт өнімдері мен жеміс-жидек, кө­к­ө­­ніс және бақшалық дақылдар сау­да­лан­ды. Өйткені, бұған Астана жұрт­шылығы та­ра­пынан сұраныс мол. Жетісулық шаруа­ларды Астана төрінде өтетін жәр­мең­кеге облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бес­кемпіров бастап барды. Жүк көлік­те­рімен жеткізілген өнімдер жергілікті тұрғын­дар мен қала қонақтарына Астана база­р­ларынан он бес, жиырма пайызға төмен ба­ға­да ұсынылды.

Сонау жақтан ат терлетіп жеткен же­ті­сулық сатушылар да бар ынта-ықы­лас­ы­мен сапалы қызмет көрсетуге тырысты. Сол күнгі ауа райының қолайсыздығына қара­мас­тан, жәрмеңкеге жиналған жұртшылық сау­да көрігін қыздырып, қалауынша өз таң­дағандарына қол жеткізді. Осындай мүм­кін­дікті қалт жібермеген тұрғындар қысқа қам­данып, біраз қор жасап алды. Онда күн­делікті тұтынуға қажет азық-түліктің небір түрі саудаланды. Сөрелерде қатық-айран­нан бастап, ет-сүт,балық, бал, алма, алмұрт сияқ­ты дәруменге бай өнім мол болды. Бар­лығы жетісулықтардың өз өнімдері. «Ба­р­ма­саң, келмесең жат боларсың» демекші, жыл­да өтетін жәрмеңкеге үйреніп қалған ас­та­налықтар жеті­су­лық­тар­ға жылы шырай та­нытып, аман­дық-саулық сұрасты.

Алматы облысының мұн­дай игілікті іске әдеттегідей жоғары деңгейде дайын­далып келгеніне бірнеше мәрте көз жеткізген олар бұған өз ризашылықтарын білдірді. Жер­гілікті жұрт­шылықтың ойынан шығып, ме­рейін тасытқан шара өнім молшылығымен де ерекшеленді. Жетісу өңірінен жеткен еңбек­кер­лер өзінің табан ет маң­дай терімен дайын­даған тауарларын тұтынушы көңілінен шы­ға­тындай етіп өткі­зу­ге тырысты.

Астаналықтар қой мен жылқы, сиыр етін және қап-қап пияз, картоп, көк-қызыл бұрыш­тарды молынан алып, артынып-тартынып ба­ра жатты. Қазы-қарта, жал-жая да өз алу­шы­ларын тапты. Әр аудан өздерінде өндіріліп, өсі­рілетін өндімдердің бір-біріне ұқса­май­тын­ды­ғымен де айрықшаланады. Серікжан Іслям­ұлының айтуынша, жәрмеңкеге Райым­бек, Кербұлақ, Ақсу аудандары етті көптеп әкел­се, Панфилов, Сарқан, Қарасай, Іледен кел­ген­дер көкөніс пен алма, алмұрт, жүзім сияқты жеміс-жидектің небір түрін жеткізіпті. Дәмі тіл үй­ретін қауын-қарбыз, алма, алмұрт та көз жауын алып, жұртты өзіне қаратты.

Алакөлден жеткізілген балық та сан ал­уан. Балқаштың күрішіне сұраныс таныт­қан­дар да сол жерден табылды. Көпшілікке қы­мыз, шұбат, тары-талқан, құрт сияқты ұлттық та­ғамдар да ұсынылды. Қараталдың сары май, сүзбе, кілегей, айран, құрт-ірімшік, шұжық та сауда сөрелеріне лықа толып, өз алу­шы­ларын тапты. Әсіресе, дәмі тіл үйірер жеміс-жидек пен көкөніс, бау-бақша дақылдарына сұраныс көп болды. Сатушылар аста­на­лық­тарға дәмді тоқаштарын да ұсынды. Балдың да әртүрі болды. Бұл өзінің түр-түсі мен дә­мінің бір-біріне ұқсамайтындығымен де ерек­шеленді.

Облыстың өнім өндірушілері аста­на­лық­тарға тауарларымен қоса, ән-күй де ала кел­ді. Астана алаңын ән-думанға бөлеген Жетісу же­рінің әнші-бишілері орталық алаңдағы сах­на төрінде бар өнерін ортаға салып, жұрт­шы­лықты таң-тамаша етті. Олар әсем ән мен күмбірлеген күйден, мың бұралған биден ша­шу шашып, базарлы күннің шы­райын кел­тір­ді. Күміскөмей әншілердің ас­қақтата салған әні Астана аспанында қа­лықтап жатты. Ха­лық­тың көңіл-күйі кө­те­рілген сайын сауда кө­рі­гі қызып, тауар өтім­ділігі артты. Олар кон­церттен рухани ләз­зат ала жүріп, көңіл сер­пілтті.

Жұрт бұған ерекше құрмет пен ыстық ықы­лас, ерекше ілтипат танытумен болды. Жан жақтан келген шаһар қонақтары да, Жетісу өңірінен ат терлетіп жеткендер де Са­рыарқаның қақ ортасынан ойып тұрып орын тепкен өскелең қаланың бүгінгі кескін-кел­беті, тыныс-тіршілігі, оның айшықты ажары мен сұлулығы жайлы өзара ой бө­лісіп, әңгіме өрбіте жүрді. Осылайша, са­ту­шы­ның да алушының да көңілінен шыққан жәр­меңке түс ауғанша жалғас, жо­ғары деңгейде ұйымдастырылғанымен де көп­шілік есінде қалды.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371