Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Өз сөзі 7326 0 пікір 31 Тамыз, 2015 сағат 13:17

БҰЛ – ОТАРШЫЛДЫҚТЫҢ ОЙРАНЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛҒАН СӨЗ

Ата Заңымыздың 20 жылдығына орай Елбасымыздың қазақтың мәдениеті мен саяси мәдениетіне байланысты білдірген пікірін әркім әрқалай түсінуде. Ұлық жиында Ұлт көшбасшы былай деген болатын:

«Тем более никакой культуры, демократии, политической культуры в течение последних 300 лет здесь никогда не было в отличие от других стран. То есть, когда оценивают нашу жизнедеятельность, я бы посоветовал нашим друзьям поглубже вникать в систему, историю, культуру, традиции азиатского общества».

Батыс әлемінің әредік біздің елдегі билікті сынап отыратыны бар емес пе? Соған байланысты ҚР Президенті: «Қалайша біз автокартиялы ел боламыз? 4-5 жылда халық еркін дауыс беру жолымен өзінің Президентін, Парламент депутаттарын сайлай алады», - дей келіп Қазақстанның өз жолы, өз таңдауы бар екендігін, біздің азиялық ел екенімізді ескерте отырып, жоғарыдағы сөзді айтуына тура келді. Меніңше бұл арада Елбасымыз қазақ даласын 300 жыл отарлап, құлдануға ұмтылған орыс патшалығының, коммунистер билігінің жосықсыздығы туралы емеурін білдірді. Рас қой, 300 жыл бойы солтүстіктегі көршіміздің көз құрты біз болдық. Сөйтіп, кейде мысықтабандаған жымысқы саясаттың, кейде ашық соғыс пен езгінің, аштықтың, айдаудың құрбаны болдық. Бұндай аласапыран алмағайып заманда қандай саяси мәдениет болады? Қандай мәдениет өркендеп өседі? Менің Президент сөзінен ұққаным осыған саяды. Басқасын білмедім.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965