АЛМАТЫ ӘКІМДЕРІ ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙГЕ НЕГЕ КӨЗ САЛЫП ЖҮР?
Естеріңізде болса, Abai.kz порталы МУЗЕЙ ДЕ ЕСІМОВТІҢ МҮЛКІ МЕ ЕДІ? атты Мемлекеттік орталық музей тағдыры турасындағы мақаласын жариялаған болатын. Онда Есімовтің Мәсімовке хатты қарша боратып, Орталық Музейді Алматының Коммуналдық меншігіне сұрағанын айтқан едік. Алматы әкімдігі оған қолжеткізсе музей орнына заманауи мәдени орталық салмақшы болған. Аталмыш мақаланы жазу барысында Abai.kz тілшісі Орталық Музейде осы даулы мәселе турасында қатысты орындардың баспасөз-конференциясы өтетінінен хабардар болған еді. Бүгін де сайтымыздың поштасына Мәсімовтен музей сұратқан Есімовтің Алматы әкімдігінен кетерінен он күн бұрын жазған хатының көшірмесі келіп түсті. Музейге хабарлассақ, онда әлі осынау тарихи нысанның тағдырын шешетіндей кесімді баспасөз-конференциясы өтпепті. Бір қызығы поштамызға түскен ресми құжаттар арасында сайланғанына екі жұма енді болған Байбектің де Мәдениет министрлігіне бағытталған Музейді Алматыға сұраған хаты жүр. Қалғанын құжаттар сөйлесін:
28 шілдеде Есімовтің Мәсімовке жіберген хаты
Б. Байбектің Мәдениет және Спорт министрі Мұхамедиұлына жазған хаты
Алматы әкімі орынбасары Зауреш Аманжолованың Байбекті Музейді Алматының коммуналдық меншігіне өткізіп алуға үгіттеген хаты. Онда Аманжолва ханым Есімов алғаш осы мәселені көтерген кезде Астанада музейдің әлі ашылмағанын, енді Алматыдағы музей мүлкін онда көшірудің "оп-оңай" екенін меңзейді.
Abai.kz