Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3375 0 пікір 24 Мамыр, 2010 сағат 06:25

Әкім «қара жаяу» қалды

Кеше түнде Мақат кенті (Атырау облысы) әкімінің қызметтік көлігінің төрт дөңгелегін бұзақылар пышақпен тіліп, жарып кетіпті.
Көлігінің дөңгелегі тілініп, «жаяу» қалағаны туралы  кент әкімі Қоныс Төлеуовтың (суретте) өзі дабыл қағып отыр.

-Әкімге, яғни маған қастандық  әрекет  ретінде қабылдаймын мұны.
Соңғы кезде кентте ұрлық, қарақшылық, елдің игілігіне жасалған демалыс орындары мүлкін, көше шамдарын қирататын бұзақылар көбейіп кетті.
Полицияның өкінішке орай, әлгіндей бұзақылықты ауыздықтауға күші жетпей тұр,-дейді әкім.
Осылай наз айтқан әкім «өзіне жасалған қастандықтан» ешқандай саяси астар іздемейтінін, бәрі тезге салынбай келе жатқан ауыл тентектерінің ісі екенін айтады.

Айтқандай, көлік арнайы гаражда емес, көлік жүргізуші тұратын көпқабатты үйдің алдында тұрады екен.

Б.АРАЛ,
Атырау облысы,
Мақат ауданы,
Мақат кенті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364