Астана Анкараға АӨК-те бірқатар жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды ұсынып отыр
Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Қазақстан Түркияға агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) бірқатар жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды. Бұл туралы дүйсенбі күні «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің (ҰБХ) жиынтық-сараптама ақпарат пен халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Алпамыс Омаров хабарлады.
«Республика қажеттіліктерінен асып түсетін бидай дақылдары өндірісінің көлемі үлкен болғандығының арқасында Қазақстан өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің үлкен әлеуетіне ие. Біздің еншілес кәсіпорнымыз- «Азық-түлік корпорациясы» бидай мен май дақылдарын терең өңдеу бойынша жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, біз ол жобаларды бірлесіп игеру үшін түркиялық әріптестерімізге ұсынып көрмекпіз», - деді ол қазақстан-түркиялық бизнес-форумда.
А. Омаровтың айтуынша, бірінші жоба Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекарасында бидайды терең өңдеу зауытының құрылысын қарастырады. Жобаның жалпы құны - $150 млн.
«Біз холдинг атынан жобаның жартысын қаржыландыруға дайынбыз, бұл - $75 млн. Шетелдік инвесторлар да осындай сома қосады деп қарастырылған. Кәсіпорын 300 мың тонна бидайды өңдеп, крахмал, сірне, азық қоспаларын, басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін шығаратын болады», - деп атап өтті ол.

«Екінші жоба май дақылдарын терең өңдеуге бағытталады. Оны Қазақстанның солтүстік аймағында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны - $36 млн. Жобаны тең негізде шетелдік инвесторлармен бірлесіп қаржыландыру қарастырылған. Ол шикі өсімдік майын және биодизель шығаруға мүмкіндік береді. Осы жобаларды бірлесіп игеру бойынша түркиялық әріптестеріміздің барлық ұсыныстарын қарастыруға әзірміз», - деді А. Омаров.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Қазақстанның өсімдік шаруашылығынан басқа, мал шаруашылығының да айтарлықтай келешегі бар. Республика сыртқы нарықтарға ет экспорты үшін үлкен әлеуетке ие, біздің бәсекелестік артықшылығымыз - Ресейге жақын орналасқанымыз. Бұл нарыққа шығу үшін Қазақстанға қазір мүлдем жоқ деуге болатын өнеркәсіптік деңгейдегі заманауи ет өндірісін құру қажет. Бұл мәселені шешу мақсатында «ҚазАгро» мал бордақылау алаңдарының, мал сою бекеттері мен ет комбинаттарының құрылысын қаржыландырып келеді. Қазақстанның ет өндірісі бойынша әлеуеті және көлемі жөнінен үлкен болып табылатын Ресей нарығының жақындығы мал шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндіктер ашып отыр.
«Біз түркиялық компанияларға осы мүмкіндіктерді пайдаланып, келесі жобаларды жүзеге асыруды ұсынамыз - Ақмола облысында 5 мың бас ірі қара мал бордақылаудың заманауи алаңын құру, жобаның жалпы құны - $17 млн. $10 млн көлемінде инвестиция қажет. Ақмола облысында 1000 бас асыл тұқымды ірі қара мал өсіру шаруашылығын құру, жобаның жалпы құны - $8 млн. Қажет инвестиция - $3 млн-ға жуық», - деді А. Омаров.
Сондай-ақ, «ҚазАгро» ҰБХ Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 100 басқа есептелген екі сүт-тауарлы фермасын құру жобасын ұсынады, бір сүт-тауарлы фермасының құрылысына қажет инвестиция $17 млн шамасында.
«Шетелдік инвесторға $13 млн-нан аса қаржы инвестициялауды ұсынып отырмыз. Бұл жобаларды холдинг тарапынан «Мал өнімдері» АҚ еншілес компаниясы жүзеге асырады, ол ынтымақтастық бойынша барлық ұсыныстарды қарауға әзір», - деді ол.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді қамтамасыз ету арқылы республика АӨК дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Холдинг құрамына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроФинанс» АҚ, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ және «Қазагромаркетинг» АҚ кіреді.