Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3512 0 пікір 24 Мамыр, 2010 сағат 09:00

Түркия президенті Назарбаевқа билік асатаяғын сыйға тартты

Түркістан. 24 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Абдулла Гүл дүйсенбі күні Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) жұмысымен танысу барысында жаңа оқу корпусының және қоры 400 мың кітап болатын кітапхананың іргетасын қалауға қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Содан кейін екі елдің басшылары Қазақстан қаржысына салынған жаңа әкімшілік корпус пен түркі халықтарының мұражайын аралады.

Университеттің мәдени орталығының үлкен залында Түркия президенті А. Гүлге Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ құрметті профессоры атағы берілді. Өз кезегінде А.Гүль Н. Назарбаевты түркі тілдес халықтардың лидері ретінде мойындау белгісі деп оған билік асатаяғын тарту етті.

«Сіз түркі мемлекеттерінің ұлы ақсақалы болып табыласыз. Бұл асатаяқ - көне түркілердегі сияқты мемлекеттік бірінші тұлғасының нышаны», - деді А. Гүл.

Осыдан кейін президенттер ХҚТУ профессорлық-оқытушы құрамымен, студенттерімен кездесті. Н. Назарбаев елдердің мәдениеттер бірлігі мен өзара түсіністікке негізделген әріптестік және достық байланыстары бұрыннан қалыптасқанын жеткізді. «Сіздер өз университеттеріңізді әлемдегі ең үздіктердің қатарына қосуға тырысуға тиіссіздер», - деді Н.Назарбаев.

«Біз өз жағымыздан университеттің білім беру және ғылыми қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз», - деп уәде етті А.Гүл. 

ХҚТУ - түркі тілдес мемлекеттердің арасында халықаралық мәртебеге ие алғашқы халықаралық жоғарғы оқу орны. Қазіргі уақытта онда 21 мыңнан аса студент білім алып жатыр. ЖОО қашықтықтан оқытуды енгізген, кітапхана қорының электрондық нұсқаларын құрып жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364