АЙДОС САРЫМ. ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫНЫҢ МҰРАТЫ БІР
Қазақ ұлтшылдары арасындағы дау-дамайдың біразы Мəулана Румидің бір əфсанасындағы жүзім туралы дауын елестетеді.
Баяғыда парсы, араб, грек жəне түркі бірге келе жатыпты. Жолдан бір кісі кездесіп, ақша беріп, қалағандарыңды алыңдар депті.
Сонда парсы "Мен энгур аламын" дейді. Араб "Жоқ, маған эйнаб қажет" деп қақылдайды. Грек болса "Стафиль алайық" деп қасарысады. Түркі болса "Оттамаңдар, жүзім жейік" деп кірігеді.
Дау төбелеске айналады.
Артынан кім нені қалағанын сұрастыра келе бəрінің қалағаны жүзім екеніне көздері жетеді.
Мен білсем барша есі түзу қазақ ұлтшылының мұраты бір. Ол тəуелсіз қазақ мемлекеті. Ол азат, бақуатты, демократиялы, зайырлы, əділетті қоғам құру.
Тек баршаға ортақ құндылықтар тілін меңгеру ғана қалған сияқты. Сонда дау-дамай азайып, өзара сенім артады.
Abai.kz