Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3091 0 пікір 24 Мамыр, 2010 сағат 09:18

Орал-Каспий облысаралық бассейндік басқармасының бұрынғы басшысы шартты түрде 2 жылға сотталды

Атырау. 24 мамыр. ҚазТАГ - Атырау қалалық соты ауыл шаруашылық министрлігі балық шаруашылығының Орал-Каспий облысаралық бассейндік басқармасының бұрынғы басшысы Бақыт Каметовты қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін шартты түрде екі жылға соттады.

«Каметов Бақыт Хабидоллаұлы балық шаруашылығының облысаралық бассейндік басқармасының бастығы қызметін атқару кезінде мемлекеттік функцияларды орындайтын өкілетті тұлға бола тұрып, қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекеттік қызметтің мүдделеріне қарсы қылмыс жасады», - деп мәлім етті дүйсенбі күні журналистерге облыстық прокуратураның бастығы Роза Қадырғалиева.

«Осылайша, ол заң мен нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын өрсекел бұзып, қызмет мүдделеріне қарсы және басқа ұйымдар үшін пайда табу, артықшылықтар жасау мақсатымен қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға алып келген қылмыс жасады», - деді ол.

Прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, 2007 жылы күзде Б.Каметов пен оның орынбасарлары Мұрад Жанбатыров пен Георгий Горбачев тоғыз жеке меншік компания мен өндірістік кооперативке белгіленген лимиттен артық 460 кг көксерке мен бір тоннадан аса шортан аулауға рұқсат берген. Балық аулаушы фирмалар балықтың шамадан артық әр килограмы үшін Т327 орнына Т20 төлеген.

Осылайша, балық қорғау шаруашылығының басшылығы мемлекетке Т142,181 млн аса шығын келтірген, деді Р. Қадырғалиева.

Сот үкімімен М.Жанбатыров пен Г.Горбачев әрқайсысы 50 АЕК-ке жазаланды. Сотталғандардың екеуі де мемлекетке келтірілген шығынды өтеді.

1 АЕК - Т1413.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366