Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 3329 0 пікір 24 Мамыр, 2010 сағат 09:56

«Ресей» өртеніп кетті

Алматы қаласындағы Қабанбай батыр мен Достық көшесінің қиылысында орналасқан «Ресей» сауда үйі толығымен өртеніп кетті. «Ресей» сауда үйінің 1-2-қабатында өрт шыққаны туралы хабарды Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке  03-тен 18 минут кеткенде жергілікті бір тұрғын хабарлаап үлгеріпті. Өрт шыққан жерге 11 минуттан соң жеткен өрт сөндірушілер 1 мың 875 шаршы метрді шарпыған жалынды таңғы 5-тен 20 минут кеткенде толық ауыздықтады. Зардап шеккендер туралы жаманат хабар жоқ.

- «Ресей» сауда үйіне біреулер қасақана өрт қойған сияқты, алғашқы зерттеулер нәтижесі соны аңғартады, - дейді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлшат Дәуренбекова.

0 пікір