Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5965 0 пікір 17 Шілде, 2015 сағат 16:34

РАМАЗАН, СЕНІ ҚИМАДЫМ...

  

Құбылып қырда кешкі арай,
Құбыла самал ескені-ай.
Раббым, саған, шүкір деп,
Рахым нұрын кешкен Ай.

Серт бергендей күнге-түн,
Шексіз-ді саған құрметім! 
Сәждеге иіп маңдайын,
Салауат айтар үмбетің.

Кәусардай көңіл тұнығы,
Ашылар жүрек құлыбы...
Рамазан, сені қимадым,
Он екі айдың ұлығы.

Арайлап әрбір нұр таңы,
Шапағы сүйіп қырқаны.
Рамазан, сені қимадым,
Он екі айдың сұлтаны!

Жатса да түнде сыйынған,
Тұраса да күнде сыйынған.
Рыздығыңа шүкір де,
Раббыңнан бұйырған.

Қамыққан жандар жұбанар,
Жабыққан жүрек қуанар.
...Күмбір де күмбір мешіттер,
Күбір де күбір дұғалар.

Тұнығындай тамшының,
Құранның сөзі- бал шырын.
Жарқ етер жасын дүние,
Сабындай қысқа, қамшының.

Тұлпар - уақыт, тоқтама.
От болып жанар шоқ қана! 
Жаратқан, бізді қолдай гөр,
Өзіңнен басқа жоқ, пана!

 

Әскерхан Ақтай
ақын, Моңғолияның Баян Өлгей аймағында туған. Қазақстан және Моңғол елі жоғарғы оқу орындарында білім алған. Жақында өткен «Ұлытау ұлағаты – ұлт тарихы» атты республикалық мүшәйраның бас жүлдегері.

 

muslim.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1195
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2722
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 846
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 808