ТУЫМА "ЗАПРЕТ" ҚОЙҒАНЫ ЖҮРЕГІМЕ ҚАТТЫ БАТТЫ
Бұл менің туым. Бұнымен мақтануыма әбден құқым бар. Түркияда осы туымды желбіретіп жүргенім үшін ешкімнен ешқандай ЗАПРЕТ алмадым, бірақ Қазақстанда дәл осы жерде дәл осылай туымды желбіреткенім үшін Алматының беделді бір оқу орнының ДОЦЕНТ дәрежесіндегі мұғалімінен ЗАПРЕТ алдым. Неге Қазақстанда өз туымды желбірете алмаймын екен? Ол кісінің үлкен болғаны үшін емес, айтқан сөзге түсінбейтін . . . . . болғаны үшін үндемедім.
Әрине менікі өткен жағдайлардың алдында ештеңе емес: туды асқаны үшін штарф төлеген ағамыздың, стадионға туымен жүгіріп шыққан ағамыздың жанында түк емес ғой, бірақ дардай кісінің маған емес туыма сөйлеген сөзі жүрегіме қатты батты.
Ләззат Базарбаева
Түркиядағы Нигде университетінің Филология магистранты.
Abai.kz