Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3860 0 пікір 15 Шілде, 2015 сағат 11:49

Инновациялық технологияның тиімділігі «Байсерке–Агро» базасында өткен республикалық семинарда сөз болды

Елбасы Н. НАЗАРБАЕВ «Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағдарламасында «Біз экологиялыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын» деген еді. Қазіргі кезде елімізде ауылшаруашылық саласын қарқынды дамыта отырып, заманауи технологияны енгізу арқылы өнімділікті арттыруға жете көңіл бөлінуде. Бұл тұрғыда ғылымға негізделген жаңа әдістерді пайдалану тиімділігінің еселеп артып отырғандығын «Байсерке – Агро» ғылыми-өндірістік оқыту орталығындағы рекордтық жетістіктерден айқын аңғаруға болады.

Еліміздегі ірі шаруа­шы­лық саналатын «Байсерке – Агро» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігіне дүйсен­біде Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Ауылшаруашылық ми­нистрі Асылжан Мамытбе­ков, облыс әкімі Амандық Баталов арнайы ат басын бұрып, республикалық ғылы­ми-практикалық семинар жұ­мы­сына қатысты. Іс­са­пар­мен келген арнайы топтың құрамында Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Мә­жілісінің депутаты Ромин Мадинов бастаған депу­тат­тық топ және Оңтүстік Қа­зақ­­стан, Жамбыл, Алматы об­лыс­та­рының фермерлері, сондай-ақ, ТМД елдерімен қатар АҚШ, Франция, Гер­мания мем­лекеттерінің де ауыл­ша­руашылық маман­дарының бол­ғандығын атап айту орын­ды. Семинарға қаты­су­шылар «Заманауи ин­но­ва­циялық энерго­ылғал­сақтау технологиясын және кешенді өсімдік қорғау жүйе­лерін ауылшаруашылық да­қыл­дарын өсіруге енгізу» атты тақырыпта пікір ал­мас­ты. Ондағы мақсат – тауар өн­дірушілерге тиімділігі жо­ғары жаңа технологияның жұмысын көрсетіп, келе­шек­те оны пайдаланудың тиім­ділігі турасында түсінік бе­ру.

Қазақ өсімдік қорғау жә­не карантин ғылыми-зерт­теу институты соңғы үш жыл ішінде «Байсерке – Агро» ғылыми-өндірістік оқыту орталығында осы бағыт бойын­ша жинаған тәжі­ри­бе­сін өндіріске енгі­зіп, оны әрі қарай дамыта отырып, бар­лық ауыл­ша­руашылық да­қылдарының өнімділігін арт­тыруға, эко­логиялық таза өнімді ала отырып, мал азы­ғының бе­рік қорын жасау мақса­тын­дағы жұмыстарды жүйелеп жүргізуде. Мы­сал­ға айтар болсақ, ғылыми ізденістің арқасында 2013 жылы май­бұршақ өнім­ді­лі­гінің ре­кордтық көрсет­кішін көр­сеткен «Байсерке – Аг­ро»-да гектарына 66 цент­нер­ден өнім алынды. Бұған қо­са, бидай, сұлы, арпа, жү­гері сынды мал азығына қажетті дәнді да­қыл­дарды өсіру техноло­гиясына жаңа­лықтар енгіз­бес бұрын әлем­дік рекорд­тар дең­гейіне жеткізуі ауыл­ша­руа­шылық саласына со­ны сер­пін берді. Мұның өзі ғылым мен өндірісті ұштас­тыра отырып, нәтижесінде жо­ғары деңгейде тұрақты өнім алуға болатындығын дә­лел­дей түссе керек.

Семинарға қатысу­шы­лар алдымен жайқала өскен жүгері мен майбұршақ ал­қап­тарында болып, ондағы тамшылатып суару техно­логиясының жаңа әдістері­мен танысты. Алқап ба­сын­да Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерт­­теу институтының ди­ректоры Абай Сағитов ин­новациялық технологияның тиімділігін бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді.

– Осы серіктестікте Ауыл­­шаруашылық ми­нистр­лігі агроинновация бөлім­де­рімен бірлесіп, оқу-тәжіри­белік орталық құрғаны бел­гілі. Соның нәтижесінде ғы­лым, білім және бизнеспен бірлесе жұмыс істеу жүйелі жүргізіліп, еселі өнім алу көрсеткішіне қол жеткізді. Бүгінгі семинардың басты мақсаты – озық техно­ло­гия­ны ауылшаруашылық са­ла­сына енгізіп қана қоймай, басқа шаруашылықтарға инновацияның жаңа жетіс­тігін дәріптеу. Соның бірі – тамшылатып суару әдісінің топырақасты жүргізілуі дер едік. Бұл Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері арасында бірінші рет енгізіліп отырған әдістеме десек, қателес­пейміз. Оның пайдасы мен тиімділігінің өте жоғары екендігі бүгінде дәлелден­ген, – деген ҚР Ауылшаруа­шылық министрі Асылжан Мамытбеков бұл мақсатқа мемлекет тарапынан субси­дия бөлініп отырғандығын атап айтты. Бұл келешекте тиімді технологияны ауыл­ша­­руашылық саласына кеңі­­­нен пайдалану мүм­кін­дігінің молая түсетіндігін білдіреді.

– Бүгін біздер білім, ғы­лым, бизнес және жергілікті атқарушы органдармен бір­лесе жүзеге асып отырған ауыл­шаруашылығының жаңа технологиясының тиім­ді­лі­гі­не көз жеткіздік. Бұл әдіс бойынша суды үнемдеп қана қоймай, мол өнім алу нәти­же­лерін көріп отырмыз. Елі­міз бойынша майбұршақ өсі­руде Алматы облысы бірінші орында тұр. Осы дақылдың 90 пайызы Жетісу жерінде өсіріледі. Бұған қоса 72 мың гектар жерге жүгері өсіріліп отырғандығын ескерсек, ке­лешекте осы технологияны енгізу арқылы одан алынатын өнім көлемін 2-3 есеге арт­тыра алатындығымызды ба­ғам­дауға болады. Демек, мал азығында тапшылық бол­­­­­майды. Сондай-ақ, биыл­­­­ғы жылы қант қызыл­ша­сы 4 мың гектардан астам жерге се­білді. Орташа өнім көлемі гектарына 30 цент­нерден айналады деп кү­тілуде. Осы мақсатта 3 қант зауыты іске қосылмақ. Оның тұрақты жұмыс істеуі үшін миллиард теңгеден астам қаржы бөлі­ніп, оған түрлі ауылша­руа­шылық техни­ка­лары, атап айтсақ, өнімді та­сымал­дай­тын 24 «КамАЗ» сатып алын­ды. Өңірде ауыл­шаруа­шы­лығын өркендетуде осындай келелі істердің жү­зеге асып жатқандығын ай­рық­ша айту­ға болады. Ал «Байсерке–Агро»-ның жүзеге асырып отырған жаңа тех­нологиясын осы шаруа­шы­лықпен ғана шектемей, оның көлемін кеңей­тіп, облыстың барлық шаруашылықтарына енгізер болсақ, өндірілетін өнім кө­ле­мінің молая түсе­тіндігіне күмәніміз жоқ, – деген облыс әкімі Амандық Баталов се­минарға қатысу­шылардың ісіне сәттілік ті­леді.

Заманауи техноло­гия­ны сөз еткен келелі кеңес­те ҚР Парламенті Мәжі­лісінің депу­таты, «Бай­­сер­ке – Агро» ЖШС-нің пре­зиденті Т. Дос­мұ­хам­бе­тов жас кадрлардың ауыл­­шаруашылығына де­ген сел­қостықтарын сын­ға ал­ды. Қазіргі кезде бұл са­ла мамандықтарын таң­даған қыздар қа­та­ры­ның кө­­беюі­­нің де аса қуан­та қой­­майтындығын ашық айт­­қан халық қалаулысы ауыл­­шаруашылығында ғы­­лым­сыз нәтижеге жету мүм­кін еместігін қадап айтты.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502