ҚАЗАҚСТАН БАСШЫЛАРЫНЫҢ ДА ӨЗ ЕРТЕГІСІ БАР...
Балық аулағанды жақсы көретін композитор Леонид Дербенёв бір күні жоғары жақта жұмыс істейтін танысының көмегімен СССР-дің басшылары балық аулап, көңіл көтерген «аулаға» кіріпті. «Өмірде қаншама нәрсені көрдім ғой, бірақ дәл мынандайды көрмептім. Тоғанда қолмен тамақтандырып, өсірген балықтар жүзіп жүр. Басшылар тоғанға «Чайкамен» келді, машина жүретін жолдың үстіне қымбат кілемдер төселген. Олар машинаның ішінде ішетінін ішіп, тамақтанып отырып, балық аулады. Бір минуттың ішінде үлкен балық ілінеді. Себебі, тоғанда балық көп. Олар машинадан сыртқа шықпай, «бірнеше балық аулады». «Е-е, бізді Америка ешқашан қуып жете алмайды. Біздікілер, тіпті, балықты машинадан шықпай, ұйықтап отырып, аулайды» деп ойладым, ойладым да түңілдім» депті композитор. Өзенге барып, балық аулауға ерінетін «коммунистер» «коммунизмде» өздері ғана өмір сүріпті ғой.
«Көрменің рөлін атқарған» тоғанда «балық аулап», әр балық «ұстаған» сайын жағымпаз нөкерлерінің қолшапалақтауынан басы айналған, психикасында ауытқу бар бұл байғұстарды бір жағынан аяйсың. Ең арысы балық аулауда өз өздерін алдаған бұл пенделер «Коммунизмде өмір сүресіңдер, бұл дегеніміз – жұмақ, дүкенге кіріп, қалаған нәрсеңді тегін аласың, өзіңе керек затты ғана аласың, біз адамдарды осыған тәрбиелейміз» деді-ау... Сөйтсек, халыққа ертегі айтқан олар ертегі әлемінде өмір сүріпті ғой.
«СССР-дің шекпенінен шыққан» Қазақстан басшыларының да өз ертегісі бар...
Аягүл Мантай
(Әлеуметтік желіден)