ҚАЗАҚ БУРЖУАЗИЯСЫ ТАБЫЛАР МА ЕКЕН?!...
Билікке оппозициялық партия негізінен қаржылы адамдардың арқасында құрылады. Қазақ елінде қаржылы адамдар - орыстілді азаматтар. Сондықтан 2014-ші жылға дейінгі оппозиция да негізінен орыстілді болған. Ал енді саяси саxнаға қазақтілді азаматтар оппозициялық топ құрып шығуға талпыныс білдіруде. Бірақ қаржы тапшылығы қолбайлау болып отыр.
Орыстілді қазақтар қаржы төгіп қанша рет оппозициялық партия құрып көрді, бірақ қалың қазақтан тиісті қолдау таппады. Себебі олардың космополиттік бағыттағы саяси бағдарламалары қазақ жүрегіне сенім оялатпады.
Бірінші қатарда отырғандар: «Қазақ» газетінің демеушісі Хасен Ақайұлы мен бәйбішесі. Тұрғандар: ортада Смайыл Байтенұлы, екіншісі - белгісіз
Ал "Нағыз Ақжолдың" жөні басқа. Одан биліктің өзі қорқып кетті де, белгісіз жағдайда Алтынбек пен Заманбек бүгінгі Ресейдегі Борис Немцовтың кебін киді. Қазіргі ресейшіл билік Қазақ елінің "Алаш" сияқты шынайы xалықтық партиясын құрдыра ма? Әңгіме - сонда! Егер, құруға рұқсат берген күнде "Алашорданың" артында тұрған меценат-байлар секілді бүгінгі таңда орта дәулетті табы қалыптаспаған Қазақстанда қазақ партиясын қаржыландыратын қазақ буржуазиясы табылар ма екен?!...
Жарылқап Қалыбай
(Әлеуметтік желіде жазғанынан)