Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5558 0 пікір 22 Маусым, 2015 сағат 06:47

АРМАН СҚАБЫЛҰЛЫ. "АУЫЛ ШОПЫРЫ"

...Алақандай ауыл Алматыдан біз келгенде дүрлікті де қалды. Дүрлікпей қайтсін, асай- мүсейін арқалап сериал түсіретіндер күнде келіп жатқан жоқ. Әсіресе, өзінен бірер жас қана кіші "ЗИЛ" мәшинесінің кабинасынан ыржиып қарап отырған қара жігіттің екі езуі құлағында. Оның қуанышының да өз сыры бар. Бағы жанып біздің түсіру тобында жұмыс істейтін болған. Мәшинесі де бір қажетке жарап тұр. Аты-Айдос. Айдосымыз өте пысық болып шықты. Өзі түсіру алаңындағы тыныштыққа жауап береді. Кино түсіріліп жатқанда ауылда шыбынның ызыңы етілмейді. Режиссердің "моторынан" Айдостың "тихо" дегені өктемдірек шығатындай. Кинодағы "қызметіне " бір апта толар,толмаста бұл бауырымыз Алматыдан келгендермен "селфилетуді" шығарды. Атақты актер, актрисалармен мыжырайған кепкасын баса киіп суретке түседі де жатады. Бір күні маған да кезек жетті -ау! Көкқасқа "ЗИЛ -дің " кабинасына секіріп шығып, ыржиып селфи жасадық. "Ауыл шопырын" таптық деп ФБ- ға жар салғанымызды өздеріңіз де білесіздер. Анда-санда қосыла қалатын интернеттен өзін көріп Айдосымыз мәз болды да қалды. 
-Мына "ауыл шопыры" дегендерің маған бәле болып жабыспай ма?-деді бір кезде жұлып алғандай, -Айтпайтыны жоқ қой өзінің...
Бәріміз бір -бірімізге қарадық. Мына бауырымыз соншалықты аңғал деп кім ойлаған! 
-Мен де соны ойлап отырмын,-деді бірден образға ене қойған Бақытжан Әлпейісов,- Сені "ауыл шопыры" деп жазғандары бекер болған. Анау Абас-шахтың түгі кетпейді. Енді бұған дейін айтылғандардың бәрін сенен көретін шығар? 
-Тиісті мекемелер көптен бері іздеп жүр еді..."Жерден жеті қоян тапқандай " жетіп келетін шығар, -деп Дулыға актер де жандырып қойды . 
Байқаймын "ауыл шопырының басы мүлдем салбырап кетті. Анда-санда көз қиығымен маған қарап қояды. Не дейін? Бүлдірген мен...Бірдеңе деуім керек пе еді? Үндемедім. Содан "ауыл шопырының" қабағы ашылмады. "Тихо" деген өктем үні де естілмей қалды. Өзімен өзі. Көңілсіз. Тынымсыз жұмыстың сәл саябыр тартқан сәті еді. Басы салбырап отырған Айдосымыздың телефоны безілдеп қоя берді. Ала беріп түсі бұзылып кеткен бауырымыз аулаққа барып ұзақ сөйлесті. Көріп отырмыз. Бір кезде телефонын қалтасына салып, маңдайынан аққан терді күрсіне сүртіп, жүрелеп отыра кетті. Сосын мен жаққа тесіле қарап, ұзақ отырды . 
-Аға!-деді дауысы дірілдеп, -"Аналар" мені ақыры тауып алды. Кәзір телефон шалып "ауданға жет" деп жатыр...Не істеймін? 
-Не дейін? Бару керек шығар? -деймін мен де күмілжiп. Бір қулардың телефон шалып, қорқытып жатқанын мен де сезіп отырмын. Айта алмадым. "Ауыл шопыры" ауыр ойға батып, әрі - бері жүрді де қойды. Бір кезде тез,тез басып маған келді. 
-Аға, барсам барайын! Не болса да көріп алдым."Ауыл шопыры" мен - ақ болайын. Оның айтқандарының бәрі шындық қой. Тек сізден бір өтініш - жалғыз қызым бар еді. Сол сізге аманат!..
Соңғы сөзін айтқанда "ауыл шопырының" ауызы кемсеңдеп кетті. Образға кіріп отырған менің де көзіме жас тұна бергені... Айнала отырған жұрт қыран -топан күліп жатыр. Айдосымыз мыж-мыж кепкасын жерге атып жіберді де сыртқа беттеді. Содан бері селфи жасамайтын болды...

Әлеуметтік желіден.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407