Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6240 0 пікір 30 Қараша, 2015 сағат 18:16

ПАРИЖДЕ НАРАЗЫЛЫҚ ТАНЫТҚАН ЖҮЗДЕГЕН АДАМ ҰСТАЛДЫ

Жексенбі күні Париждегі Республика алаңына ғаламдық климаттың өзгеруіне қарсы шеруге шыққандарды тарату үшін полиция акцияға қатысушыларға көзден жас ағызатын газ шашып, жүзден аса адамды ұстаған деп хабарлады Associated Press агенттігі.

Парижде 13 қарашада жасалған террорлық шабуылдардан соң Францияда төтенше жағдай жарияланғандықтан полиция бұл шеруді өткізуге тыйым салған еді. Бірақ белсенділер тыйымға қарамастан шеру өткізуді ұйғарған.

Бұл шеруге шыққандардың арасында британдық танымал актриса Эмма Томпсон, белгілі дизайнер әрі модельер Вивьен Вествуд, Ұлыбритания Лейбористік партиясы жетекшісі Джереми Корбин де болған деп хабарланды. Бірақ олардың ұсталған не ұсталмағаны туралы полиция ештеңе айтпайды.

Парижде 30 қарашада ғаламдық климат жөніндегі дүниежүзілік саммит басталмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963