ОҚО: СОЗАҚТЫҚТАР ЖОЛДАУДЫ БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП ТЫҢДАДЫ
30 қараша күнгі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім. Реформа. Даму" атты халыққа Жолдауын Созақ аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, аудан әкімі М. Исаев, аудан әкімдігінің қызметкерлері, маслихат депутаттары, жергілікті белсенді тұрғындармен бірлесе отырып тыңдады.
Президент Жолдауын талқылаған жиналған қауым, өздерінің ойларын ортаға салды. Аудандық маслихаттың депутаты Ж. Сатыбалды «Бүгінгі Жолдау, әлемдегі құбылмалы саяси жағдайда елдің дамуына бағыт-бағдар береді» - деген пікірін айтты.
Жиын Тұңғыш Президент күнін атап өтумен жалғасты. Аудан халқын айтулы мерекемен құттықтаған аймақ басшысы М. Исаев: «Осынау күннің халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше. Бұл күн - Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел ретінде танытқан Елбасының президент болып сайланған күні» - деп, тәуелсіздік алғалы аудан көлемінде болған оң өзгерістерді атап өтті. 24 жылдың ішіндеу аудан көлеміне 18 мектеп, 24 денсаулық нысаны салынған. Аудан бюджеті 7 млрд теңгеге дейін өскен. Мектепке дейінгі білім беру мекмелерінің саны 28 құрап отыр. Осының барлығы тәуелсіздік тұсында жеткен жетістігіміз.
Айтулы күні ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыстады. Салтанатты жиын соңы ауданның өнерпаздары қойған концерттік бағдарламаға жалғасып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
Abai.kz