100 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ІСІ СОТТА ҚАРАЛЫП ЖАТЫР
Қазақстанның Орал қаласы әкімдігінің құрылыс департаменті бөлімінің бұрынғы басшысы Мәлік Есниязға жеке кәсіпкердің ісіне араласқаны үшін қылмыстық айып таққан.
24 қарашада сот отырысы кезінде айыпталушыдан жауап алмақ болған. Бірақ прокурордың келмеуі себебінен тыңдау кейінге қалдырылған.
Тергеу ісі бойынша, бұрынғы шенеунік кәсіпкерге 94 миллион теңгенің жұмысын атқарғаны жөнінде жалған актіге қол қоюды талап еткен.
52 жастағы Малік Еснияз болса Азаттыққа өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты. Ол бұл қызметке 2013 жылдың тамыз айында тағайындалған, қылмыстық іс қозғалғаннан кейін қызметінен кетті.
Абай-ақпарат