Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 4758 0 пікір 24 Қараша, 2015 сағат 07:56

ТӘЖІК ПРЕЗИДЕНТІ "ҰЛТ ЛИДЕРІ" БОЛМАҚ

Тәжікстан парламенті төменгі палатасының бір топ депутаттары президент Эмомали Рахмонға «ұлт лидері» мәртебесін беретін заң жобасын әзірледі.

Парламент мәжілісінің баспасөз хатшысы Мухаммадато Султонов Озоди радиосына заң жобасы дүйсенбі күні қаралғанын айтты. Оның сөзінше, құжатты жан-жақты талқылаудан кейін комитет пен комиссияға қорытынды шығаруға жіберілген.

Президентке «Ұлт лидері» мәртебесін беру туралы ұсыныс қазан айында көтерілген болатын. Осыдан кейін мемлеке ттік телеарналар Эмомали Рахмонды ұлт лидері деп атай бастады. 

Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2750
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1865