Сенбі, 23 Қараша 2024
Уақ-түйек... 3743 0 пікір 23 Қараша, 2015 сағат 03:00

Кәсіпкерлер бизнес және туризм саласы бойынша қаланың даму мүмкіндіктерін талқылады

Кәсіпкерлер бизнес және туризм саласы бойынша қаланың даму мүмкіндіктерін талқылады, - деп хабарлайды Абай порталы http://shymkent.gov.kz/ сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы бойынша жиын М. Әуезов атындағы мемлекеттік университетінде өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, қала әкімінің кеңесшілері Тимур Баймұханов пен Нұрлыбек Жеңісбек қатысып, жиналғандарды алдағы 5 жылда тұжырымдама аясында бизнес, туризм және ауылшаруашылығы саласында атқарылатын шаралардың жоспарымен таныстырды. 
- Тұжырымдамада қаламыздың әлеуметтік -экономикалық жай-күйіне салыстырмалы талдау жасалынып, негізгі көрсеткіштерінің даму динамикасы мен өзекті мәселелер көрсетілген. Кәсіпкерлік саласын өркендету мақсатында әкімшілік тосқауылдарға талдау жүргізіліп, кешенді жоспар қабылданады. Жергілікті және шетел нивесторларын тарту үшін 100 жоба әзірленеді, - деді қала әкімінің орынбасары. 
Н.Көшеровтің мәлімдеуінше, келер жылы ретсіз сауда орындарын жою мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіледі, кей базарлар қала сыртына көшіріліп, қайта құрудан өтеді. Туризмді дамыту мақсатында қаламыздағы туристік компаниялар Ресей, Қытай мемлекеттерімен бірлескен заманға сай түрлі бағдарламалар әзірлеп, маршруттар ұсынады. Сонымен қатар әуежай, темір жол вокзалы мен ойын-сауық нысандарын салуға инвесторлар тартылмақ.  
Даму құжатының басым бағыттары талқыланған жиында Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі ОҚО филиалының директоры Қасымбек Мәліков, ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Қасымбеков, және басқа да кәсіпкерлер сөз алып, ой-пікірлерімен бөлісті. Өз кезегінде, қала әкімінің орынбасары кәсіпкерлерді алға қойған міндеттерді бірлесе отырып жүзеге асыруға шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394