Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Уақ-түйек... 2738 0 пікір 19 Қараша, 2015 сағат 03:00

ОҚО: "Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасы" талқыланды

Қала әкімдігінде "Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасы" талқыланды, - деп хабарлайды Абай порталы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәжіліс залында «Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын» талқыға салған кеңейтілген жиын өтті. Онда, алдымен қала әкімінің орынбасары Г. Құрманбекова жұмыспен қамту және медицина саласы бойынша алдағы 5 жыл уақыт мерзімінде атқарылатын шаралардың жоспарымен таныстырып өтті. 

Сондай-ақ, жиында қала әкімінің орынбасары Қ. Нұртай білім, мәдениет, спорт саласында кезігіп отырған түйткілді мәселелерге тоқтала отырып, алдағы 5 жылдықта атқарылатын нақты шешімдерге тоқталып өтті. Атап айтсақ, баяндамашы мектепішілік электронды бақылау орнату, мектеп директорына үміткерлерді ашық түрде тағайындау мәселесіне де жіті назар аударды.Айта кетейік, бүгінгі таңда шаһарымызда үш ауысымды 9 мектеп бар. Бұл орайда, жыл сайын  бала өсімі 8 мыңға дейін өсіп отырғанын ескерсек, бұл мәселе күн тәртібінде тұрған өзекті дүние болып тұр. Сонымен қатар, қала аумағында бүгінде 65 737 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Осы орайда, баяндамашы 2016-2018 жылдары аралығында 12 мектепті қайта құру, 11 жаңа мектеп, 7 балабақша ғимараты құрылысын жүргізу  жоспарланып отырғандығын айтты.    
Шаһарымыздың алдағы 5 жылдық даму тұжырымдамасындағы басым бағыттар сөз болған жиында қала мәдениетін қалыптастыру үшін атқарылып жатқан ауқымды жобалары таныстырылды. «Шымкенттің елдегі үшінші шаһарға айналуы үшін не істеу керек?» деген сұрақ төңірегінде әкімшілік құрылымдарына сұрақ қойған жұртшылық өз көкейінде жүрген сауалдарына тұшымды жауап алды.

 Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Abai.kz 

0 пікір