БЕЛСЕНДІЛЕР САЯСИ ТҰТҚЫНДАРДЫҢ САНЫН АРТТЫРДЫ
Қазақстандық құқық қорғаушылар Қазақстандағы "саяси тұтқындардың" жаңартылған тізімін жариялады.
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның Facebook-те хабарлауынша, 16 қарашада бірнеше құқық қорғаушы мен заңгерден тұратын сарапшылар кеңесі Қазақстандағы саяси тұтқындар қатарына абақтыда қамауда отырған үш белсенді - Ермек Нарымбаев, Серікжан Мәмбеталин, Болатбек Біләлов және діни алауыздықты қоздырды деген айыппен сотталған Сәкен Тұлбаевты қосқан.
Қазақстандық құқыққорғаушылар саяси тұтқын деп сонымен бірге оппозициялық саясаткер, Францияның түрмесінде отырған Мұхтар Әблязовті де атады.
Бірінші рет мұндай тізім жергілікті құқыққорғаушылар тарапынан 2013 жылдың 31 мамырында жасалды. Ол кезде алты адамның аты-жөні айтылған, кейін бұл тізім56 адамның аты-жөнімен толықты.
Абай-ақпарат