Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3404 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 05:48

Қара алтынды кешіп жүрген мақаттықтар қаражатты да игере алмауда

Қазіргідей дағдарыс кезінде есепті ептілікпен жүргізіп, бөлінген қаражаттың шашауын шығармай, уақтылы игеріп отыру-уақыт талабы. Тиыннан құралған теңгенің құнын анық сезініп, елдің игілігі үшін жаратылуға бөлінген бюджет қаражатының белгіленген кезеңде игерілуі аса маңызды. Бірақ, қазіргі ахуал сын көтермейтін деңгейге жетті.
Бұл туралы бізге берген ақпаратында ақ-қарасын ажыратып, басты себептің жауапкершіліктің жоқтығына кеп тіреліп отырғанын мәлімдеген аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі И.Мәжікеев тіпті теңгені игермеудің төтенше күйі қалыптасқанын жасырмады.
Былайша айтқанда, елдің болашағы үшін мемлекеттік бағдарлама аясындағы шаруаны тындыруға жұмсалатын мол қаражатты «көпсініп» көтере алмай жатқандаймыз.
Мәселен, жыл басында жоспарланған 480 млн.488 мың теңгенің үстіміздегі жылдың 26 мамырдағы жағдайы бойынша 439 млн.257 мың теңгесі ғана игеріліп отыр. Бөлінген қаражаттың белгіленген жеріне жетпей тұрған көлемі- 41 млн.231 мың теңгені құрады. «Турасын айтайын біздің аудан облыс бойынша қаржыны игеру жөнінен көштің соңында қалып отыр» деді И.Мәжікеев.

Барды бағалап, қажетіне жарата алмай отырған кімдер деген заңды сұрақ туады. Қаржы маманнының айтуынша, оның көшбасында аудандық білім беру бөлімі тұр. Бұл бөлім 27 млн.700 мың теңгені игермепті. Интерактивті тақта орнату, биологиялық кабинет жасақтау сияқты т.т.жоспарларға бөлінген қаржы «ауада» қалқып қалған көрінеді. Жуырда аудандық білім беру бөлімінің бастығы Мақат ауданынан мектеп мұғалімдерінің кетіп жатқаны туралы шындықты жасырып қала алмаған болатын. Бөлінген қаржыны игеріп игілікке жаратпаса, әрине, табысы мардымсыз білім саласында жас мамандар тұрақтап қала ма?
Бұдан кейінгі кезекте «қара тізімге» ілінгендердің санатында аудандық мәслихат, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық тұрғынүй коммуналдық-шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары бөлімі бар. Ал, кент әкімшіліктері арасында Доссор кенті әкімшілігі ешкімге дес бермесе, Мақат кенті әкімшілігі соның ізін басулы.
Қысқасы қара алтынды дарияны кешіп жүрген мақаттықтар бар қаражатты да иегере алмауда.

Б.АРАЛ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321