Сенбі, 23 Қараша 2024
Дабыл 5598 0 пікір 18 Қараша, 2015 сағат 08:44

БӨКЕТОВ ПЕН ЖӘУТІКОВКЕ «ҚАРА ОРЫСТАР» ШАБУЫЛДАП ЖАТЫР

2000 жылдың ақпан айында Алматы шаһарындағы Фурманов көшесінің бойындағы үйдің (Қарасай батыр көшесімен қиылысында) қабырғасына халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, академик, жазушы, аудармашы Ебіней Арыстанұлы Бөкетовке арналған мемориалдық тақта ашылып орнатылған еді. 

Бұл шара Алматы қаласы әкімдігімен шешімімен ғалымның 75 жылдық мерейтойына орай жасалған. Оған еліміздің зиялы қауым өкілдері Байкен Әшімов, Кәкімбек Салықов, Шота Уәлиханов, Тұманбай Молдағалиев, Есләм Зікібаев, тағы да бірсыпыра мәдениет, ғылым қайраткерлері қатысып сөз сөйлеген болатын. Сол мемориалды тақта бүгіндері жоқ, алынып тасталыпты. Кім мұны істеген? Кім мұндайға жол берген? Жауап әлі жоқ. Мұндай істермен Алматы қаласы Мәдениет басқармасы шұғылданады екен.

Ұлыларымызға тас ату жорығы тоқталмай келеді. Ана бір кезде Жәутіков атындағы дарындылар мектебінен Жәутіковтың есімі алынып тасталған болатын. Ендігісі мынау. Алматыда, Астанада мұндай жөнсіздіктерге барса, қалғандарына не жорық?  

Ұғып алсын, қортық ойлы мешел мәңгүрттер: Бөкетов пен Жәутіков сонау ұлы Сәтбаев тұсында мойындалған нағыз ғалымдар, қазіргі самопал ғалымсымақтар сияқты емес. Олардың есімдері мәңгі сақталған. Жәутіковтің шәкірттері қазіргі таңда халықаралық үлкен олимпиадаларда жеңіске жетіп, үкімет дәліздерінде қызмет істейді. Ал, Бөкетовтың ғылымға, мәдениетке сіңірген еңбегі ұшан-теңіз...

Қараулықпен тас атқан бумерангпен өзіне кеп дәл тиетіні сөзсіз. Аталмыш ағаларымыз елімізді біраз жетістіктерге жеткізген, ал тас атқандар қазір қандай ұшпаққа жетіпті, айтсыншы?!

Бақытжан Тобаяқтегі, ақын, Бөкетовтің шәкірті

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5468