Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3585 0 пікір 17 Қараша, 2015 сағат 17:34

ЕЛІМІЗДЕ ЗАҢСЫЗ ТҰРЫП ЖАТҚАНДАРДЫҢ КӨБІ ӨЗБЕКТЕР

Өткен тәулікте ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараның әр аумағында ҚР Көші-қон жөніндегі заңнамаларының талаптарын бұзған 35 адамды анықтап, ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 517-бабы бойынша жауапқа тартты деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Олардың ішінде «Қорғас», «Бақты» шекаралық бақылау отрядтарында ұсталған үш ҚХР азаматынан, «Қордай» шекара отрядының «Қарасу авто» бөлімінде ұсталған бір Молдова азаматы, Павлодар, Семей шекара отрядының «Үрлітөбе авто», «Семей» тексеріп-өткізу бекетінің «Өбе авто» бөлімдерінде ұсталған екі Ресей азаматынан, «Қордай», «Мерке» шекара отрядтарының аумақтарында ұсталған сегіз Қырғыз Республикасының азаматынан өзгесі өзбек ағайындар. Күн суыта үйлеріне қайта бастаған олардың барлығы дерлік «Сарыағаш» шекара отрядының аумағында ұсталған. Тек біреуі ғана Батыс Қазақстан облысының «Бейнеу - теміржол» шекара бекетінде № 648 «Бейнеу - Кунград» пойызында ұсталды.

Саны жағынан ғана емес, еліміздің аумағында заңсыз тұру жағынан да рекорд өзбекстан азаматтарында. Мысалы «Сарыағаш» шекара отрядының «Қапланбек авто» бөлімшесінде ұсталған он азамат белгіленген мерзімнен 120 тәулік кешігіп шығыпты.

Абай-ақпарат

0 пікір