Жұма, 9 Қазан 2026
Жаңалықтар 3981 0 пікір 17 Қараша, 2015 сағат 11:43

ҰНДЫ ГЕРОИН РЕТІНДЕ САТПАҚ БОЛДЫ

Қырғызстанда 8 кг есірткі құралын сатпақ болған төрт адам ұсталған. Бұл жөнінде Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік қызметтің баспасөз қызметі хабарлаған.

Олардың мәліметі бойынша, ұсталғандардың екеуі құқық қорғау саласында жұмыс істейді. Қалған екеуі уақытша жұмыссыз. Ақпаратқа сәйкес, күш құрылымдары үлкен көлемді есірткі құралын тасымалдаумен айналысқан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бақылау жүргізген.

15 қарашада Кара-Балта қаласында арнайы қызмет өкілі ұсталғандардың біреуінен 0,204 грамм героинді «сатып алған». Сол күні төртеуі де ұсталған. Алайда тексеру үшін сатып алынған героин және олардың қалталарынан табылған есірткі заттары шын мәнінде кәдімгі ұн болып шыққан. 

Бүгінде оларды уақытша тергеу изоляторына қамаған. Оларға қатысты тергеу істері жүріп жатыр. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 917
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1224