Сенбі, 23 Қараша 2024
Уақ-түйек... 5286 0 пікір 17 Қараша, 2015 сағат 03:00

Шымкент туризмнің орталығына айналады

«RIXOS Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «Шырайлы Шымкент-2015» туристік жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жәрмеңкенің басталуында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сөз сөйлеп, туристік көрменің лентасын қиды, - деп хабарлайды Абай порталы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«RIXOS Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «Шырайлы Шымкент-2015» туристік жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жәрмеңкенің басталуында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сөз сөйлеп, туристік көрменің лентасын қиды.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі:

- Шымкент - Жібек жолы бойында орналасқан ежелгі қала. Ертеде мұнда түрлі мәдениеттер тоғысқан. Бүгінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бізден өтуде. Азия мен Еуропаны жалғап жатқан бұл құрлықтық көлік дәлізінің Шымқаламыз үшін экономикалық пайдасы мол. Сондықтан, қаламыздың туристік әлеуетін арттыру үшін біздің туристік кәсіпорындарымыз бәсекеге қабілетті болуы қажет.  

Бұл реткі шараға шаһарымыздың 7 турфирмасы, 5 қонақ үйі, 36 жеке қолөнер шеберлері қатысты.  Осы көрме арқылы Астанада өтетін «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңіріміздің ең үздік кәсіпорындары мен оның сапалы өнімдері таңдап алынбақ. Қаламыздың белгілі кәсіпорындары мен қолөнер шеберлерінің өнімдерін таныстырған шараның мақсаты қаланың ішкі туризмін дамыту және шеттен инвесторлар мен туристер тарту болып табылады. 

Cондай-ақ осы аптада Шымкент БҰҰ-ның дамуы тұрақты қалалар тізіміне енді

Астанадағы халықаралық конференцияда Шымкент қаласының  даму тұрақтылығы бойынша БҰҰДБ-нің жаңа жобасы ұсынылды. «Mariotte» қонақ үйінде өткен  шара «Төмен көміртекті қалалық дамуға көшу: Қазақстан және Орталық Азия үшін жаһандық үрдістер және перспективалар» деп аталды.

Халықаралық конференцияда үздік практикалардың үлгілері қаралып,  Қазақстанның өзге өңірлерінде жақын арада іс-шаралар жөніндегі жоспарлары  жарияланатын болады.

- Әлем бірлестігінің, оның  ішінде Қазақстанның дамуының жаңа талаптарының бірі елді мекендердің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Ағымдағы экономикалық жағдайлар шеңберінде тұрақты қалалар бойынша жаңа жобаның іске асырылуы өте маңызды болып табылады. Себебі, бір жағынан осы тұрақтылықты қамтамасыз ету жаһандық экологиялық тиімділікті сақтайды. Енді бір жағынан, қалалардағы өмір сапасын жақсартауға, әсіресе ТКШ-тағы қоғамдық көліктегі және қалалық шаруашылықтың салаларындағы көрсететін қызметтерді көтеруге мүмкіндік береді, - дейді  энергия тиімділігі бойынша, БҰҰДБ ЖЭҚ және ҚР Үкіметі жобаларының үйлестірушісі Александр Белый.

Осы айтылған мәселерге байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы мен БҰҰДБ арасында біріккен меморандумға қол қойылды. Айта кетерлігі, аталған жиында облыс әкімінің сенім хаты негізінде екі жақты келісімге Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қол қойды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5506