Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3253 0 пікір 16 Қараша, 2015 сағат 10:52

ФРАНЦИЯ ИМ-ГЕ ӘУЕ СОҚҚЫСЫМЕН ЖАУАП БЕРДІ

Француз әскери күштері Парижде 132 адамның өліміне әкелген терактіге жауап ретінде «Ислам мемлекеті» бақылауға алған аймақтарға әуе соққысын жасады.

Франсуздың жойғыш ұшақтары Сирияның Ракка қаласында орналасқан ИМ содырлары жаттығатын лагерьге 20 бомба тастаған. Бұл жөнінде AP мен Reuters Францияның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе соққысы АҚШ күштерінің үйлестіруімен Біріккен Араб әмірлігінен және Иорданиядан жасалған.

Сонымен бірге франсуз және белгиялық тергеушілер терактіге қатысы бар адамдарды іздестіру үстінде. Терактіден 132 адам қаза тауып, 350-ден астам адам жараланған. Өздерін жарып өлтірген үш террорист жайында мәлімет анықталған. Қайтыс болған жендеттің бауыры Әбдельислам Салаға іздеу жарияланған. Террористердің екі көлігі табылған. 

Абай-ақпарат

0 пікір