Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
46 - сөз 4669 0 пікір 16 Қараша, 2015 сағат 10:44

ДӘУЛЕТ ӘЙЕЛІМЕ БЕРІЛГЕН НЕСІБЕ ШЫҒАР

Бір ағамыз бар. Билігі де, байлығы да баршылық. Айналасындағылар азғырады ғой. "Өзіңізде бәрі бар, тағы бір жас тоқал алып жібермейсіз ба" деп. 
Сондайда ағамыз: "Ондай ой талай келген. Бірақ өзімді тоқтатам. Кім біледі, осы дәулет маған емес, әйеліме берілген несібе ме деп ойлаймын" дейтін...
Кеше бұрыннан тамақ ішетін бір орталыққа бардық. Бұрын берекесі шалқып жататын. Есігінен қонағы үзілмей, бизнесі дөңгелеп, ағамыз бен жеңгеміз қатар жүріп күтетін, әр келушіні. Алғашында екеу еді, сосын төртеу, сосын оншақты болды дегендей. Дәуірлеп берді. Алла Тағалам байлықпен қоса баланы да аямай берді. Алтын асықтай ұлдарға қазақтың біртуарлрының атын қойды. "Шіркін, құда болсақ қой" деп армандады біраз кісілер. Сөйтіп жүргенде ағамыз нілдей бұзылды. Қаражатым жетеді, бәрін өзім жасадым, /қатты қателесті осы жерде/ еңбегім бар, неге екінші әйел алмасқа? Жеңгеміз рұқсатын бергісі келмеп еді, ажырасып тынды. Бар мүлікті ретін тауып өзіне қалдырыпты. Жеңешеміз ұлдарды жетелеп, төркінге кетіпті... Ал орталықта баяғы берекенің жұрнағы да қалмаған. Есіктерінде шынжырлы құлпы. Есігін қағып едік, бір жігіт шықты."Қазір істемейді, клиент жоқ"... Ойланып қайттық. "Шынымен де осынша несібе жеңгеміздікі ме екен деп"...

Гүлбағыш Бостан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1507
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3281
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5802