Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3150 0 пікір 16 Қараша, 2015 сағат 09:59

ОҚО: БАЙЛАНЫС КАНАЛДАРЫН ЖАҢАРТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Транстелеком» АҚ және Оңтүтік-Қазақстан облысының Әкімдігі арасында аймақта пилоттық смарт-жобаларды іске қосу туралы келісімге қол жеткізілді.  

Кеше, 12 қарашада, Шымкентте «Транстелеком» АҚ Президенті Пшембаев Дәуреннің Оңтүстік-Қазақстан облысының Әкімі Бейбіт Атамқұловпен жұмыс кездесуі өтті, - деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кеңеске, сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірәхимов, Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімдігінің және «Транстелеком» АҚ уәкілдері қатысты.  Кездесу барысында қатысушылар «смарт» технологиялардың даму мүмкіндіктерін, сондай-ақ аймақта байланыс каналдарын жаңартуды талқылады.

Бейбіт Атамқұлов өзінің алғы сөзінде Шымкентте смарт-технологияларды енгізу бойынша жұмыстар ақырындап жүргізіліп жатқандығын айтты. Бұған қоса, ол аймаққа ақпараттық жүйелер мен телекоммуникациялық қызметтерді құру бойынша көп жылдық тәжірибесі бар ірі байланыс операторын тарту қажет екенін түсіндірді.   

«Транстелеком» АҚ Президенті Пшембаев Дәурен, өз кезегінде, «бірнеше күн бұрын, 9 қарашада, компания жұмысына 16 жыл толғанын және бүгінгі күні компанияның үлкен қалаларды да, сонымен қоса ең шалғай аймақтарды да байланыстыратын телефон байланысының ірі тармақталған желісі бар екенін атап айтты. Компания Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін және ірі инновациялық АТ-жобаларды іске асырады».

Кездесу қорытындылары бойынша, тараптар Шымкент қаласында «Smart мектеп», «Smart емхана», «Smart көше жарығы» және т.б. сияқты бірқатар пилоттық смарт-жобаларды іске қосу туралы келісімге қол жеткізді. Кездесу қатысушылары айтып өткендей, Оңтүстік-Қазақстан облысында смарт-бастамаларды бұдан әрі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік моделі бойынша ауқымдандыру жоспарланып отыр.

Справочно: «Транстелеком» АҚ – Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық қызмет көрсетулердің, сондай-ақ ақпараттық коммуникациялық қызмет көрсетулердің кең спектрін ұсынуға мамандандырылған ірі байланыс операторларының бірі. «Транстелеком» АҚ 1999 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның профильді емес активтері иеліктен шығарылғаннан кейін, ең бастысы, қолданыстағы теміржолдың байланыс жүйесін техникалық қолдау және жетілдіру үшін құрылды. Негізгі жобалары: Байланыстың талшықты-оптикалық желісі (БТОЖ), «Магистраль» басқарудың автоматтандырылған жүйесі («Магистраль» БАЖ), Бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталық (БААО), «Тартылыстың энергия диспетчері» басқарудың автоматтандырылған жүйесі («ТЭД»  БАЖ).

Абай-ақпарат

0 пікір