Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Мәйекті 5138 0 пікір 16 Қараша, 2015 сағат 08:09

АЗАТТЫҚТЫҢ ЖАРЫЛҒЫШ КҮШІ УАҚЫТЫН КҮТІП ЖАТТЫ

Орыстілді тарихшылар мен саясаткерлердің арасында мынадай жалған миф бар: қазақ ұлты, мемлекеті болмаған, оны құрған, алғышартын жасаған Совет өкіметі деген.
Шындыққа жүгінсек, 1917-1918 жылдары империя құрамындағы көптеген ұлттар өз тəуелсіздігін алды немесе алуға тырысты. Солардың қатарында қазақтар да болған. Ленин бастаған бəлшебектер біразын империя қатарына қосып үлгерді, артынан сол елдердегі тəуелсіздік идеясын басып жаншумен айналысты. 1991 жылы империя құлаған кезде жаңа мемлекеттер сол 1918 жылғы ыдырау шекараларында құрылды. Бұл тегін емес. 
Қазақ мемлекеттігі болған, оның шекарасы да болған. Ол шекараны сызып берген Ленин емес, алашордашылар! Империя шекарамызды мықтылығынан емес, əлсіздігінен мойындады. Алашордашылар қазақ тіліндегі ұлттық ағарту әм  білім беру мен мəдениет жүйесін жасады. Соңдарына жүзге жуық оқулық қалдырып кетті. Саяси тұрғыдан жеңілсе де, тарихи тұрғыдан жеңіп шықты!
Бүгінгі жеңісіміз сол 1916-1918 жылдардағы алашшыл азаматтардың талпынысының инерциясы. Тəуелсіздік импульсы, азаттықтың жарылғыш күші тек қажетті уақытын күтіп, пісіп жатты деуге əбден болады. 
Осыны ұмытпалық!

Айдос Сарым

Abai.kz

0 пікір