Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3374 0 пікір 15 Қараша, 2015 сағат 11:47

ТӨРТ ЖАРЫМ ЖЫЛ БІЗДІҢ ЕЛДЕ БОЙ ТАСАЛАП ЖҮРІПТІ

Кеше (14 қараша) кешкілік (сағат 16:15-тенр шамасында) «Мерке» шекаралық тексеріп-өткізу бекетінің (Қазақстан-Қырғыз шекарасы) «Сыпатай батыр авто» бөлімшесінде шекарашылар біздің елімізден көрші елге қарай жаяу өтіп бара жатқан 1979 жылы туған «Раим» есімді Қырғыз Республикасының азаматын ұстады деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ұстаудың бастапқы себебі миграциялық қағазының жоқтығы болатын. Бұл азаматтың Қазақстанда заңсыз жүргеніне төртжарым жыл болған көрінеді. Елін аңсаған болу керек, қайтып бара жатқан беті екен.

Азаматтың өмірбаянының «тазалығын» ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы тіркеу Комитетінің ақпараттық сервисі арқылы тексеру нәтижесінде бұл адам көрші мемлекеттің Чу облысыныда Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодесінің 164 бабының 3-бөлімінің 4-тармағы (өзгенің мүлкін тұрғын жайына немесе басқа да ғимаратқа заңсыз кіре отырып ұралу) бойынша қылмыс жасағандығы үшін халықаралық іздестіруде жүрген, кездескен жерде тұтқындалуы тиіс қылмыскер екендігі анықталды. Ұсталған азамат Жамбыл облысының Мерке аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Абай-ақпарат

0 пікір