Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5547 0 пікір 15 Қараша, 2015 сағат 11:41

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ НАСИХАТТАУ. ІС-ШАРА ҚАЛАЙ ӨТТІ?

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 17-тармағына сәйкес еліміздің орталық, шығыс өңірлерінде (Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында) орыстілді азаматтарға "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде" мемлекеттік тілді насихаттау шараларын өткізді.

Жобаның мақсаты: орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, қазақ тілінің Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі ретіндегі, қазақ тілінің қоғамдық көпшілік орындардағы, қазақ тілінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі, патриоттық, қазақ тілінің ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері т.б. турасында сөз қозғау, пікір алмасу болды.

Жоба 2 әлеуметтік топқа бағытталған. Біріншісі – орыстілді аймақтардағы этно-мәдени орталықтардың өкілдері, екіншісі – оқу орындарындағы орыстілді студент және жұмысшы-жастар.

           Жоба аясында аталған облыстарда үстіміздегі жылдың 15 қазанынан          6 қарашасына дейін кездесу, дөңгелек үстел, брифинг түрінде барлығы        39 шара өткізілді. Жобаның жұмыс тобы құрамында белгілі қоғам қайраткерлері, танымал саясаткерлер, жергілікті белсенділер, жергілікті жерлердегі Тілдерді дамыту және Ішкі саясат басқармаларының басшылары болды. Жобаның барлық шараларына белгілі қоғам қайраткері Д.Көшім жетекшілік етті.

Жоба Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер, Курчатов, Семей қалаларын, Бородулиха, Глубокое, Зырян, Шемонайха аудандарын, Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларын, Успен, Железин, Павлодар, Шербақты, Ертіс аудандарын, Қарағанды облысының Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларын, Осакаров, Абай, Бұхар жырау, Нұра аудандарын қамтыды.

Аладғы күндері осы шараларды қортындылауға арналған брифинг өтеді. Брифингке белгілі саясаткерлер Д.Көшім, А.Сарым, Р.Жұмалы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының Тілдерді дамыту басқармасының басшылары Г.Қаңтарбекова, А.Шаймарданов, Қ.Еділбай және т.б. қатысады.

Брифингте "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" жобасы аясында өткізілген шаралар қорытындыланады.

 Брифинг Астана қаласы, Cығанақ көшесі, 27«Пекин палас» қонақүйінің «Шанхай» залында 17 қараша күні сағат 15.00-де басталады.  

Абай-ақпарат

0 пікір