ОБАМАНЫҢ СУРЕТІ ГЕЙ-ЖУРНАЛДЫҢ МҰҚАБАСЫНА ЖАРИЯЛАНДЫ
Барак Обама гей-журнал мұқабасына суретке түскен бірінші АҚШ президенті.
Бұл OUT журналында 11 қарашада жарық көрген. (2015 жылы АҚШ-тың Жоғарғы соты бір жынысты некені заңдастырған) Журнал сонымен бірге Обаманы "жыл одағы" деп атаған.
"Барлығы тең болу үшін жаралған. Ол кім болса да ешқайсысы америкалық арманының орындалуынан шеттетілмеуі тиіс"-деп сұхбат берген АҚШ президенті аталған журналға.
Сонымен бірге ол "Мен дінге сенетін адаммын және бостандықты сыйлаймын. Бірақ ешкім де өзінің сенімін заңнан биік қоя алмайды" деген.
Абай-ақпарат