Сенбі, 23 Қараша 2024
Уақ-түйек... 3905 0 пікір 12 Қараша, 2015 сағат 03:00

Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму концепциясы таныстырылды

10 қараша күні қала басшысы Ғ. Әбдірахымов облыс әкімі Б. Атамқұловқа Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму концепциясын ұсынды. Аталған құжатта Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жәй-күйіне салыстырмалы талдау жасалынып, негізгі көрсеткіштердің даму динамикасы, өзекті мәселелер және қаланың 2020 жылға дейінгі перспективалары көрсетілген.Даму тұжырымдамасында қала әкімдігінің негізгі мақсаты, яғни республикадағыүшінші ірі қала мәртебесіне лайықты орын қамтамасыз ету, ондағы тұрғындардың қолайлы ортада өмір сүруіне және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Жиынға қатысушылар презентация барысында шаһарымыздың алдағы 5 жылда жүзеге асатын болашақ жоспармен танысты.

Ұсынылған құжат Елбасының Қазақстан халқына жолдауларындағы басым бағыттары негізінде дайындалды. Бұл концепцияның түпкілікті мақсаты—Шымкент қаласын тұрғындарға ыңғайлы және қонақтарға тартымды етіп көрсететінреспубликадағы заманауи мегополиске айналдыру. Бұл жолда қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мынадай міндеттерді ортаға қойды.

  • қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді шешу;
  • қала тұрғындары мен қонақтарына қажетті инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру;
  • қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция көлемі мен туристердің санын арттыру.

Шымкент қаласынадегенмемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ықыласы өзгеше. Олай дейтініміз, әр реткісапарында Шымшаһарға қатысты нақыл сөздер айтып, үшінші қаланың абырой-беделін көтеріп келеді. Кезекті бір сөзінде: «Шымкент - сәулетті қала. Тарихқатұнып тұр. Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы - Шымкент дегенді мен бұрын да айтқанмын. Халқының саны бір миллионға жетерлік қаланың көркі бүгінгісінен де көркем болады», - деген болатын.

Шымкент қаласы жыл өткен сайын кеңейіп, еліміздің ірі экономикалық, аграрлық қаласына айналуда. Бұл ретте шаһар басшысы қызметке кіріскен 3 ай ішінде қаладағы түйіткілді мәселелермен танысып, оның оң шешім табуына ықпал етіп келеді. Сонымен қатар, Ғ.Әбдірахымов түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен кездесіп, әр қайсысының пікірлерін назарға ала отырып, Шымкент қаласының гүлденуіне, қарыштап дамуына қажетті ұсыныс, тілектерді өз қадағалуына алып келеді. Әсіресе, жоба дайындау барысында жергілікті тұрғындар арасындасауалнама жүргізілді. Қорытындысы бойынша, сауалнама қатысушыларының басым бөлігі жұмыссыздық туралы пікірлерін білдірді. Бірі-медициналық көмек көрсету қызметіне көңілі толмаса, тағы бір бөлігі қала жолдарының сапасы сын көтермейтіндігімен қатар, экология мәселесін, жол қауіпсіздігін елемейтін жүргізушілер туралы және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану секілді мәселелер көтерді.

Жиында тұрғындардың талап-тілектеріне орай көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және аялдамалардың жол жиегінде талапқа сай қондырылмағаны тілге тиек етілді. Қазіргі таңда, шаһарда көлік санының көбеюіне байланысты кептеліс көптеп орын алуда.

Осы тұста, қаланы көгалдандыру концепциясында назардан тыс қалдыруға болмайды. Шымкент тек қала тұрғындарының ғана емес, инвесторлар мен туристтердің де сүйікті қаласына айналуы керек. Алдағы 5 жылда Шымшаһар республикаға жаңаша қарқынды дамуымен танылады. Соның ішінде Бадам өзенінің жағалауы Шымкенттіктердің демалыс аймағына айналады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5444