Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Құйылсын көшің 7436 0 пікір 11 Қараша, 2015 сағат 14:39

САҒАН ТӨТЕ ШЫҒАДЫ, СОЛ АҒАЙЫН...

Көш-көш деп көз жасымыз көл болып жүргенде бірінші болып, Ақордаға шақырып, қуанышты хабар жеткізген Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт аға Қасымбеков болатын. Махмұт Базарқұлұлы бір емес, төрт мәрте қабылдады. 

Соңғысына кеше ғана кіріп шықтым. 


Бәрі дұрыс, 
Алла қаласа, Елбасы Көші-қон Заңына қол қояды. 
«Нұр Отан» Партиясына жазған «Бесеудің хатынан» да хабар таптырдым. 
Махаңа арнаған «Ақордада Ақбоз үй» деген өлеңім кезінде «Жас Қазақ үні» газетінде жариялан болатын.

http://www.qazaquni.kz/?p=33328

Екінші болып кабинетіне шақырған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы болатын. Мұрат ағаның басшылығында Қытайдан оралған қандастарымызды әлекке салған «Шығу парағы» күшін жойды. Бүгінгі жырымызды сол Мұрат Бақтиярұлына арнадық. Кезегі келгенде асыл ағалардың Қазақ көшіне сіңірген еңбегін бір-бірлеп өлең жолдарымен ел есіне салып отырсам деген ойдамын. 
Аман болсын, Алаш рухты ардақты ағалар!

ЖАҚСЫ АҒА

Мұрат Бақтиярұлына

Біреу ерте, біреулер кейін білді,
Жаным ылғи жақсыға бейім жүрді.
«Айналайын, інім!» - деп тіл қататын.
Аңсайды екен құлағың мейірлі үнді.

Кімді аясын уақыт мына қатаң,
Бермейді өмір еншіңді сұрамасаң.
Керек екен тағы да қошаметтеп, 
Қағатұғын арқаңнан жылы алақан.

Тұлпарларды сыншы жоқ шаппай білер,
Жабыларын қоярға ел таппайды жер.
Алып ұшқан өрекпіп ақын көңіл,
Іздейді екен дәу есік қақпай кірер...

Еншіңді алып кетеді ел жүгірмесең,
Шықпау керек сол үшін үнің бәсең!
Жақын тартып жаныңа шақырып алдың,
Сөйтіп жүрген күндердің бірінде сен!

Деген жоқсың мінезі, түрі қалай.
Шай ұсындың салып бір шыныға май!
Жүгірмесін қалайша шын ентігіп, 
Шақырып тұрса әдейлеп ініні ағай?!

Шетте қалып қазақтың қартаң, жасы,
Уайым мен қайғы еді әр таңғы асы.
Інің түлеп әп-сәтте шыға келді,
Хабар тапты Өзіңнен жарты Алматы.

Хабар тапты Өзіңнен бүкіл қандас,
Қуанды-ай бір епті аға, жұтынған жас.
Аға керек ініге айбаты бар,
Құрып төрде отыру үшін малдас!

Өзім емес, қамы үшін алыс қырдың,
Айналамды тағы әкеп таныстырдым.
Қанша адаммен көш жайлы істес болсам,
Соншасымен өзіңді салыстырдым.

Аман болшы, арысым, толағайым,
Малға толып тұрса екен қора дайым!
Мені шетке бұл күнде сырып қойып,
Саған төте шығады сол ағайын.

Деп жүгірдің қандастар шет қалмасын,
Тапқалы тұр Ұлы Көш ескі арнасын!
Бағасына ағасы жеткеннен соң,
Сабасына түскендей «сотқар» басым!

Мен қуатын арман да тұнық арман,
Жаңылмаспын сен барда ұлы жолдан.
Арғы беттен ағайын ағылып келсе,
Ат ұстасам деймін бір шығып алдан!..

Жүргеннен соң жолында ұлы мұрат,
Ұшам саған көңілдің тұнығын ап!
Шапаныңды киесің ағайыннан,
Мінгізеді әкеліп бірі құр ат!..

Сені берген ырзамын өмірге, Аға,
Отыра бер Сенаттың төрінде ана!
Орден әлі кеудеңе тағылады,
Менде бары жыр менен көңіл ғана!!!

Ауыт Мұқибек

11.11.2015
Астана

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053