НАЗАРБАЕВ ҰЛЫБРИТАНИЯ ХАНШАЙЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
4 қарашада Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II Лондондағы Букингем сарайында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты құрмет қарауылымен қарсы алып, келіссөздер жүргізді.
Одан бір күн бұрын Назарбаев Ұлыбритания үкімет басшысы Дэвид Камеронмен кездесіп, 4,6 миллиард доллар сомасында екі жақты сауда келісіміне қол қойған. Камерон бұл келісімді "екі мемлекет арасындағы әріптестік даму мен прогресс"деп атаған болатын.
Белсенділер британ үкіметін іскерлік қызығушылықтарын адам құқықтарынан биік қоятынын айтып сынға алды. Алайда премьер-министр өкілдері Назарбаевпен кездесу кезінде адам құқықтары мәселесі көтерілді деді. Енді Назарбаев Лондоннан Францияға ат басын бұрады.
Абай-ақпарат