ОҚО-да Тәуелсіздік күніне арналған «Облыстың дамуы фотограф көзімен» фотоконкурсы басталды
ОҚО-да Тәуелсіздік күніне арналған «Облыстың дамуы фотограф көзімен» фотоконкурсы басталды, - деп хабарлайды Абай порталы.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Облыстың дамуы фотограф көзімен» фотоконкурсының
ЕРЕЖЕСІ
1. Конкурсты ұйымдастырушы:
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы.
2. Жалпы ереже:
Конкурсқа облыстың үздік және әуесқой фотографтары қатыса алады.
3. Конкурс мақсаты:
Сурет тілінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму серпінін, туризм саласындағы жетістіктерді, кәсіпкерлік және Тәуелсіздік алғаннан бері облыс әкімшілігімен ұйымдастырылған іс-шаралар мен облыстың маңызды оқиғаларын көрсету.
Сонымен қатар, облыс тұрғындарының шығармашылық әлеуетін арттыру және тұрғындарды облыстың қоғамдық маңызды оқиғаларына тарту.
4. Конкурс 4 кезеңнен тұрады:
- конкурс тақырыбына сай өтінім және жұмыстарды қабылдау;
- конкурсқа қатысушалырдың өнерлерінің фото жәрмеңкесі;
- қазылар алқаларының конкурстық жұмыстарын қарау және жүлдегерді анықтау;
- салтанатты марапаттау рәсімі.
5. Конкурстың жүлдегерін анықтайды:
кәсіпқой фотографтардан құралған қазылар алқасы, қоғамдық ұйым өкілдері және ұйымдастыру алқасы.
6. Конкурс жүлдегерін бағалау өлшемі:
- ұсынылған жұмыстың конкурс тақырыбына сай болуы;
- ұсынылған жұмыстың ашықтығы және айқындығы;
- ұсынылған жұмыстың мазмұны және сапасы;
- түпнұсқалығы;
- халықтың жалпы қабылдауы;
- Фотосуреттер кәсіби немесе жартылай кәсіби фотоаппаратқа түсіріліп, ұсынылатын сурет жоғарғы деңгейде болуы тиіс;
- суреттің көлемі А-3 форматында, қағаз түрде және электронды түпнұсқалары (jpeg) форматында;
- ұсынылған жұмыс конкурсқа қатысушының, конкурс тақырыбы және жұмыс атауы жазылған файлда болуы тиіс;
- конкурсқа қатысушы суреттер санын шектеусіз ұсына алады;
- авторлық құқықтың бұзылуына байланысты конкурсқа қатысушы заңбұзушылықты өз мойнына алады;
- барлық ұсынылған жұмыстар иесіне қайтарылмайды және рецензияланбайды, конкурсты ұйымдастырушылардың меншігінде коммерциялық емес көрсетуге қалады.
7. Конкурсқа қатыса алмайды:
- фото суреттің авторы болып табылмайтын тұлға және өзгенің жұмысын ұсынған қатысушы;
- конкурсты ұйымдастыру мүшесі;
- қазылар алқасы;
- көрсетілген мерзімнен кешіктіріп ұсынған қатысушы.
8. Конкурс жеңімпаздары I, II, ІІІ орындармен әр номинациялар бойынша марапатталады:
- «Тәуелсіздіктің 24 жылдығында еліміздің жеткен жетістіктері».
- «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның суреттері».
- «Еңбек адамы»;
- «Оңтүстік өлкесінің табиғаты»;
- «Күз сенің обективіңде»;
- «Оңтүстіктің өткеніне саяхат»;
- «Ұрпаққа аманат»;
- «Инновациялық жаңалықтар суретте».
Конкурс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтармен дипломдар табысталады.
9. Конкурсқа қатысу өтінімдері ережеге сәйкес ұсынылады.
Конкурсқа қатысу өтінімдері 2015 жылдың 21 қазанынан басталды.
Қатысу өтінімдерін беру 2015 жылдың 31 қарашасында аяқталады.
Үздік жұмыс 2015 жылдың 13 желтоқсанда анықталады.
Салтанатты марапаттау рәсімі 2015 жылдың 18 желтоқсанында ұйымдастырылады.
10. Барлық өтінімдер көрсетілген мерзімге сәйкес келесі адресатқа ұсынылуы тиіс: Шымкент қ., «Нурсат» м/а, әкімшілік іскерлік орталық, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы, 409 кабинет, тел:247548, 87752252584.
Abai.kz