Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Билік 4505 0 пікір 2 Қараша, 2015 сағат 03:00

Шымкентте «Rixos Хадиша Шымкент-2015» велошеруі өтті

Қазақстанның велоқауымдастығы мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Rixos Хадиша Шымкент-2015» велошеруі өтті. «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйіндегі салтанатты ашылу рәсімінен соң, сап түзеген әуесқой велоспортшылар Дінмұхамед Қонаев даңғылымен Наурыз алаңынан кері қайтып, мәреге жылдам жетуге тырысты, - деп хабарлайды Абай порталы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Қазақстанның велоқауымдастығы мен Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Rixos Хадиша Шымкент-2015» велошеруі өтті. «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйіндегі салтанатты ашылу рәсімінен соң, сап түзеген әуесқой велоспортшылар Дінмұхамед Қонаев даңғылымен Наурыз алаңынан кері қайтып, мәреге жылдам жетуге тырысты. Велошерушілердің құрамында Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Винокуров, бокстан Олимпиада чемпионы, «Astana Arlans» командасының бас директоры Серік Сәпиев, велосипед спортынан Атланта XXVI Олимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Забирова қатысты. Велошеру жолының жалпы ұзақтығы — 15 шақырымды құрады. Қатысушылар мәреге жеткен соң қонақ үй аумағында қайырымдылық аукционы өткізілді. 
Онда спорттық шеруде белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Әрі даңықты спортшылардың спорттық киімдері аукционға шығарылды. Атап айтар болсақ, Александр Винокуровтың арнайы жасалынған «Vino» брендіндегі велосипеді 1 миллион 650 мың теңгеге сатылды. Бұған қоса жеке топтамасынан бірнеше велокөйлектер саудаланды. Сонымен қатар даңықты боксшы Серік Сәпиевтің халықаралық сайыстарда киетін бокс қолғабы 150 мың теңгенің үстінде бағаланды. 
Бұл реткі қайырымдылық велошеруінің және аукционның мақсаты велоспорттың дамуы, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды осы спорт түріне көптеп тарту. Қайырымдылықтан түскен барлық қаржы Қазақстанның жастар спорт мектептері үшін велосипед және жабдықтар сатып алуға жұмсалады. 

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019